О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы шақыру учаскесіне еркек жынысты Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеуге алуды жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 28.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2012 49594_141457.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SH000114
- ЭКБ идентификаторы
- 49594
- Редакция идентификаторы
- 49594_141457
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:27
0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы шақыру учаскесіне еркек жынысты Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеуге алуды жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17, 18-баптарына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, аудан әкiмі ШЕШТІ:
1 1. 1993 жылы туған және бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен, еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алу 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін жүргізілсін.
2 2. Селолық округ әкiмдері азаматтардың шақыру учаскесіне уақыттылы келуін қамтамасыз етсiн.
3 3. Азаматтардың медициналық куәландыруын сапалы өткiзу үшін С. А. Алмолдин «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісімімен):
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және басқа да әскери құрылымдардағы әскери дәрігерлік сараптаманың жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысына сәйкес қажетті жабдықтармен қамтамасыз етсін;
- анықталған сырқат әскерге шақырылушыларға медициналық қызмет көрсету және стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлуін қамтамасыз етсін;
4 4. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Л.Е. Шайхлесова «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес қаржыландыру жоспарына сәйкес шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алуды жүргізуді уақытында қаржыландырсын.
5 5. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Х. Ақылбекова «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес:
шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу кезінде, учаскеге азаматтарды тіркеуді материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін іс қағаздарын жүргізушілер 4 дана, автобус жүргізушісі 1 дана бірлігімен, жинаушы 1 дана жұмысқа алынсын.
6 6. Осы мақсаттар үшін Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бөлген автобусты ауданның елді мекендерінен азаматтарды жеткізу үшін пайдалансын.
7 7. Тіркеуге алу комиссиясы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында өткiзiлсiн.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ы. Байсыновқа жүктелсін.
9 9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: