Құжат мәтініне өту

Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 160 · қабылданған 10.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49599/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 160 ·10.12.2009
10.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 160 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
160
Қабылданған күні
10.12.2009
Көрсетілген редакция
10.12.2010 · қолданыстағы 49599_213365.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LF000135
ЭКБ идентификаторы
49599
Редакция идентификаторы
49599_213365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:48

0 Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесі құрылсын.

2 2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) жүргізу ұсынылсын.

3 3. "Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;

2 2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті қызметкерлермен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Кент, ауылдық округі әкімдері және аудан бюджетінен қаржыландырылатын мектеп басшылары аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуде көмек көрсетсін.

6 6. "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Жалағаш кент әкімі 2009 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін 4 адам санында жұмыссыз азаматтарды Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.

8

8. "Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Жалағаш ауданы әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 96 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 20 қаңтарда N 10-6-114 болып тіркелген, 2009 жылдың 24 қаңтарда N 6-7 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Алиеваға жүктелсін.

10 10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Жалағаш аудандық емхана"
мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері____________ Х. Каметов
"08" желтоқсан 2009 жыл
"Жалағаш аудандық қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы________________ М. Айтжанов
"08" желтоқсан 2009 жыл
"N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік
мекемесінің директоры_________К.Сералиев
"10" желтоқсан 2009 жыл
"Жалағаш аудандық ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы_________________Б. Жарқынбаев
"09" желтоқсан 2009 жыл

Қолданыстағы