Об утверждении Типовых правил общего водопользования в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил общего водопользования в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 595
- Қабылданған күні
- 19.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2012 AI49613_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005977_
- ЭКБ идентификаторы
- 49613
- Редакция идентификаторы
- AI49613_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:15
0 Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі ережесі бекітілсін.
2 2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р.Толқымбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_________ Ж.А. Досқалиев
2009 жылғы 12 қазан
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
_____________ Ә.Қ. Құсайынов
2009 жылғы 20 қараша
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_____________ В.К. Божко
2009 жылғы 23 қазан
0 Ортақ су пайдаланудың үлгі ережесі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 19 қазандағы
№ 595 бұйрығымен бекітілген
Ортақ су пайдаланудың үлгі ережесі
1 1. Осы Ортақ су пайдаланудың үлгі ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындайды.
3
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қояды.
4 4. Жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су айдындарында, ортақ су пайдаланудың облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдармен бекітілген талаптары ескеріледі.
5 5. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін жеке немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін су пайдаланушы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарына оларды қабылдаудың қажеттігі негізделген өтінім тапсырады.
6 6. Бекітілмеген су объектілерінде осы Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
7
7. Су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде, мал суару үшін пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және су объектілерін ластану мен қоқымданудан қорғайтын құрылғылар бар болғанда жол беріледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суару алаңшаларын жайластыру жөніндегі шараларды жүргізеді.