Об утверждении размеров и Правил осуществления выплат донорам за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размеров и Правил осуществления выплат донорам за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеу мөлшерін және оны жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2300
- Қабылданған күні
- 30.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2015 AI49766_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090002300_
- ЭКБ идентификаторы
- 49766
- Редакция идентификаторы
- AI49766_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:24
0 Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеу мөлшерін және оны жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері;
2 2) Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2300 қаулысымен
бекітілген
Қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері
1 1. Ақылы негізде қан мен оның компоненттерін тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорға ақшалай төлемақы төлеу мынадай мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш) жүзеге асырылады:
1 1) бір мәрте қан тапсырғаны үшін (450 + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;
2 2) екі мәрте плазмаферез кезінде бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;
3 3) екі мәрте плазмаферез кезінде миллилитрінде 6 Халықаралық Бірліктен кем емес антидене титрі бар иммундық бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;
4 4) екі мәрте плазмаферез кезінде 1 : 64-тен төмен емес резус антидене титрімен изоиммундық бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;
5 5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасын бір мәрте (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) тапсырғаны (донациялағаны) үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
6 6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасын бір мәрте (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) тапсырғаны (донациялағаны) үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.
2 2. Донор 1-тармақтың 1) тармақшасында белгіленген көлемнен аз қан тапсырған (донациялаған) кезде ақшалай төлемақы осы 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген барабар мөлшерде жүзеге асырылады.
3 3. Донор бір мәрте плазмаферез жүргізе отырып, қан компоненттерін (плазмалар, иммундық плазма, изоммундық плазма) тапсырған (донациялаған) кезде ақшалай өтемақы 1-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген барабар мөлшерде жүзеге асырылады.
4
4. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымында донордың қан мен оның компоненттерін өтеусіз негізде тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруы кезінде донор өз қанының көлемін және организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін тапсырған (донациялаған) күні қалауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасын алады.
Бұл ретте донорға тегін тамақ беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тамақтандырудың табиғи нормаларына сәйкес жүргізіледі.
16 Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2300 қаулысымен
бекітілген
Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі
1
1. Осы Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақшалай төлемақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.