Қолданыстағы ред. 22.12.2009 (Редакция 49787_153360.kaz)

Қызылқия ауылы округінің Айнатас, Қызылсеңгір елді мекендерінің шекараларына өзгеріс енгізу туралы от 22.12.2009 г. № 26/203-IV (Қызылқия ауылы округінің Айнатас, Қызылсеңгір елді мекендерінің шекараларына өзгеріс енгізу туралы)

0

Қызылқия ауылы округінің Айнатас, Қызылсеңгір елді мекендерінің шекараларына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қызылқия ауылы округі әкімінің міндетін атқарушысының ұсынысын ескере отырып, Қызылқия ауылы округі, Айнатас елді мекенінің 286,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 44,5 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 330,5 гектар жерлерге және Қызылсеңгір елді мекенінің 88,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 30,0 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 118,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.

2

2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.