Құжат мәтініне өту

О вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 2255 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49843/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 2255 ·30.12.2009
27.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 2255 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2255
Қабылданған күні
30.12.2009
Көрсетілген редакция
27.06.2025 49843_774684.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002255_
ЭКБ идентификаторы
49843
Редакция идентификаторы
49843_774684
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:24

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

1 1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).

3 3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанындағы «13355» деген сандар «12599» деген сандармен ауыстырылсын.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1 1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

2 2) мынадай тәртіппен қосымша бөлінген штат саны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен бұрын берілген бірлік есебінен ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін құрсын:

облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде Ауыл шаруашылығы басқармасының құрамындағы ветеринария бөлімдері кемінде 3 штаттық бірлік штат санымен;
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде дербес ветеринария бөлімдері кемінде 3 штаттық бірлік штат санымен;
аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде әкім аппаратының құрамында 1 штаттық бірлік бойынша;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1

1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекцияларының 756 қызметкерін заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелеріне ауыстыруды қамтамасыз етсін;

2 2) жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылатын бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

13 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық аумақтық инспекцияларының аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне берілетін штат саны

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2255 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық аумақтық инспекцияларының аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне берілетін штат саны
Р/с

Өңір­лер
Бар­лы­ғы, бе­рі­ле­тін штат са­ны (бір­лік)
1
2
3
1.
Ақ­мо­ла
65
2.
Ақ­тө­бе
50
3.
Ал­ма­ты
76
4.
Аты­рау
10
5.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
75
6.
Жам­был
51
7.
Ба­тыс Қа­зақ­стан
65
8.
Қа­ра­ған­ды
67
9.
Қо­ста­най
70
10.
Қы­зы­лор­да
-
11.
Маң­ғы­стау
-
12.
Пав­ло­дар
71
13.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
77
14.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
79
15.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
-
16.
Аста­на қа­ла­сы
-
ЖИЫ­НЫ:
756

Қолданыстағы