Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения

Қаулы · № а-8/523а · қабылданған 11.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49899/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Күшін жойған Қаулы ·№ а-8/523а ·11.12.2009
20.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения

Күшін жойған Қаулы ·№ а-8/523а · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения
Атауы (қаз.)
Халықтың мақсатты топтарын кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-8/523а
Қабылданған күні
11.12.2009
Көрсетілген редакция
20.01.2012 49899_201104.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BB000122
ЭКБ идентификаторы
49899
Редакция идентификаторы
49899_201104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:47

0 Халықтың мақсатты топтарын кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, мақсатты топтардың құрамына кіретін тұлғаларды және әлеуметтік қорғауға ең мұқтаждық ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жәрдемдесу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін:

1 1) 50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;

2 2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (6 айдан артық);

3 3) 29 жасқа дейінгі жастар;

4 4) қайта некеге тұрмаған жесір әйелдер (тұл ерлер);

5 5) орта және орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу мекемелерінің түлектері;

6 6) бұрын жұмыс істемегендер;

7 7) емдеу курсынан өткен өкпе ауруымен ауыратын тұлғалар;

8 8) мүгедектік есебінен шығарылғандар;

9 9) жасқа толуы бойынша әскери есептен шығарылғандар.

10 10) әлеуметтік – медициналық сауықтырудан өткен наркологиялық науқастар.

2 2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне халықтың мақсатты топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтуын қамтамасыз етсін.

3

3. Степногорск қаласы әкімдігінің «2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-114 болып тіркелген, 2009 жылдың 26 маусымында «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының, Степногорск қаласы әкімдігінің «2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 06 қарашасындағы № а-7/463 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-121 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы Степногорск қаласының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.

5 5. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.

6 6. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
«Степногорск қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.а. Ф.Жукова

Қолданыстағы