Құжат мәтініне өту

О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Спортивный комбинат имени Нуркена Абдирова" из республиканской собственности в коммунальную собственность Карагандинской области

Қаулы · № 2308 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49949/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Спортивный комбинат имени Нуркена Абдирова" из республиканской собственности в коммунальную собственность Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 2308 ·30.12.2009
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Спортивный комбинат имени Нуркена Абдирова" из республиканской собственности в коммунальную собственность Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 2308 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Спортивный комбинат имени Нуркена Абдирова" из республиканской собственности в коммунальную собственность Карагандинской области
Атауы (қаз.)
«Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2308
Қабылданған күні
30.12.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI49949_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002308_
ЭКБ идентификаторы
49949
Редакция идентификаторы
AI49949_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:23

0 «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2308 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

1 1) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Қарағанды облысы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 751-2-жолмен толықтырылсын:
«751-2. «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» ЖШС»;

2 2) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Қарағанды облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 214-16-жол алынып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 298-1-жол алынып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы