Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 2320 · қабылданған 31.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49952/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Некоторые вопросы Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 2320 ·31.12.2009
28.05.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 2320 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2320
Қабылданған күні
31.12.2009
Көрсетілген редакция
28.05.2014 AI49952_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002320_
ЭКБ идентификаторы
49952
Редакция идентификаторы
AI49952_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:22

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.

3 3. Мекеме қызметінің негізгі мәні:

1 1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2 2) Қазақстан Республикасында жабайы жануарлар ауруларының эпизоотия мониторингі

3 3) Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу болып айқындалсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2320 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлімшелері» деген бөлім алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» мемлекеттік мекемесі».

3 3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 6-жолдың 2-бағанында:
«Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық».

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.12 № 1052 Қаулысымен.

Қолданыстағы