Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь об обмене правовой информацией

Қаулы · № 33 · қабылданған 10.01.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5000/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь об обмене правовой информацией Қолданыста 10.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь об обмене правовой информацией

Қолданыста Қаулы № 33 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь об обмене правовой информацией
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
33
Қабылданған күні
10.01.2000
Көрсетілген редакция
10.01.2000 AI5000_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000033_
ЭКБ идентификаторы
5000
Редакция идентификаторы
AI5000_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:43
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 1999 жылғы 3 маусымда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісім *

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы
Келісім *
(Келісім 2000 жылғы 1 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2004 ж., N 4, 20-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі,
бұдан әрі Тараптар деп аталады,
- достық пен өзара түсіністік қатынастарын нығайтуды қалай отырып,
- құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,
- екі мемлекеттің заңдар туралы өзара хабардар болуын жақсарту жөніндегі қатынастарды дамытудың қажеттілігін мойындай отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

Тараптар халықаралық алмасуға жататын, жариялауға ашық нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізбесінде (қоса беріліп отыр) белгіленген мәселелер бойынша екіжақтылы құқықтық актілер ақпаратын алмасудың қажеттігін мойындайды.
Жоғарыда көрсетілген тізбе Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

2-бап

Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа мемлекеттік және Тараптарды білдіретін мемлекет заңымен қорғалатын өзге де құпиядан басқа сұралған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты беруге міндеттенеді.
Ынтымақтастық барысында Тараптардың бірі алған ақпарат ол меншігі болып табылатын Тараптың келісімі болған жағдайда ғана құқықтық ақпарат алмасу жүйесінен тыс пайдаланылуы мүмкін.
Ынтымақтастық барысында алынған ақпарат Тараптардың мүддесіне залал келтіретіндей болып пайдаланылуға тиіс емес.

3-бап

Тараптар ұлттық ақпарат ресурстарын пайдалана отырып, мәліметтердің эталондық базасын алмасады.

4-бап

Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру жөніндегі келісілген шараларды жүзеге асыра отырып:
субъектілер тізбесін - ақпаратты пайдаланушыларды;
ақпараттың құқықтық режимін - ақпараттық дәрежесін, құжатталуын, алыну мүмкіндігін, сақталуын, таратылуы мен қорғалуын айқындайтын белгіленген нормативтік ережені белгілейді.

5-бап

Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру мен алмасу жөніндегі жұмыстардың үйлестірушілері етіп мыналарды белгілейді:
Қазақстан Республикасы Үкіметі тарабынан - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Беларусь Республикасы Үкімет тарабынан - Беларусь Республикасы Ұлттық құқықтық ақпарат орталығы.

6-бап

Тараптар бірлесе пайдалану үшін белгіленген Ұлттық құқықтық ақпарат ресурстарына (мәліметтердің эталондық базаларына) қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оларды бақылау жағдайында ұстайды және ақпараттық мәліметтердің толық, шынайы және дер кезінде берілуі үшін жауапкершілік көтереді.

7-бап

Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат, әдетте, орыс тілінде және тегін беріледі.
Тараптар өзара келісім бойынша құқықтық ақпаратты хабарлар мен жүйелер тобын таратудың белгіленген халықаралық стандарттарын сақтай отырып, құжаттарды электронды хабар беру арқылы алмасады немесе қажетті ақпаратты хатқа түсіріп береді.

8-бап

Тараптар:
мәліметтер базаларын алмасу кезінде бір біріне нормативтік құқықтық актілерді беріп отыруды;
қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық ресурстар жүйелерін, сондай-ақ жаңадан құрылған құпия байланыстар жүйелерін пайдалана отырып құқықтық ақпарат алмасуды жүргізу қажет деп санайды.
Құқықтық ақпарат алмасу екі мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап

Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттар жөніндегі құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

10-бап

Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Барлық өзгерістер мен толықтырулар Хаттамамен ресімделеді, ол осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

11-бап

Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер екіжақтылы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешілетін болады.

12-бап

Осы Келісім Тараптардың ішкі мемлекеттік шаралардың орындалғаны туралы соңғы құлақтандыруын алған күннен бастап күшіне енеді және егер Тараптардың біреуі Келісім күшінің мерзімі бітерден кем дегенде алты ай бұрын басқа Тарапты өзінің осы Келісімнің күшін тоқтату жөніндегі ниеті туралы хабардар етпесе, онда қолданылу мерзімі кемінде әрбір бес жылға өздігінен ұзарып, бес жыл бойы қолданылатын болады.
1999 жылғы маусымның 3 күнінде Минск қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тілдерінде жасалды, екі мәтіннің де заңдық күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

0 Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізімі

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Беларусь Республикасы Үкіметі
арасындағы құқықтық ақпарат алмасу
туралы Келісімге
Қосымша
Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізімі

1. Мемлекеттік құрылыс негіздері.

2. Азаматтық құқық.

3. Неке және отбасы.

4. Азаматтық-іс жүргізу заңдары.

5. Төрелік іс жүргізу.

6. Халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту.

7. Еңбек.

8. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру.

9. Қаржы және несие.

10. Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет.

11. Өнеркәсіп.

12. Күрделі құрылыс пен күрделі жөндеу.

13. Қала құрылысы мен архитектуралық кешендер.

14. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешендері.

15. Сауда.

16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету.

17. Көлік және байланыс.

18. Білім.

19. Ғылым.

20. Мәдениет.

21. Азаматтардың денсаулығын қорғау.

22. Тұрғындарға дене тәрбиесін беру.

23. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды (тұтастай) тиімді пайдалану.

24. Жер туралы заңдар.

25. Жер қойнауы туралы заңдар.

26. Ормандарды қорғау және пайдалану.

27. Суды қорғау және пайдалану.

28. Жануарлар әлемін қорғау және пайдалану.

29. Атмосферадағы ауаны қорғау.

30. Геодезия және картография.

31. Гидрометеорология.

32. Мемлекеттік қызмет.

33. Қорғаныс.

34. Мемлекет қауіпсіздігі.

35. Кеден ісі.

36. Қоғамдық тәртіпті қорғау.

37. Сот. Әділет. Прокуратура.

38. Қылмыстық заңдары.

39. Қылмыстық-іс жүргізу заңдары.

40. Қылмыстық-атқарушылық іс жүргізу заңдары.

41. Әкімшілік жауаптылық.

42. Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар.

43. Халықаралық жеке құқық және үрдіс. Сыртқы экономикалық қатынастар.