Құжат мәтініне өту

Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Өзге акт · № 07 · қабылданған 15.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50005/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 07 ·15.12.2009
04.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 07 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Атауы (қаз.)
Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
07
Қабылданған күні
15.12.2009
Көрсетілген редакция
04.02.2011 · қолданыстағы AI50005_1.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LD000110
ЭКБ идентификаторы
50005
Редакция идентификаторы
AI50005_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:45

0 Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеу "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, N 88 үйде орналасқан ғимаратында өткізілсін.

2

2. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ әкімдерінен және ұйымдардың басшыларынан әскери есепке тіркеуге жататын азаматтарды "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар ету және олардың дер кезінде келуін, қамтамасыз ету сұралсын.

3

3. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісім бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiру мен ұстауды және азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.

4

4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілі К.Азировтен (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесін қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, сондай-ақ тіркелуге тиіс азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін дәрігер-мамандармен және медбикелермен қамтамасыз ету сұралсын.

5 5. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) 2010 жылдың 10 сәуіріне дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы аудан әкіміне анықтама ұсынсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Т.Жүсіповке жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің Қазалы ауданы бойынша
өкілі К.Азиров ___________________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Шаймерденов ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазалы ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, полиция майоры
К.Утеев_____________________

Қолданыстағы