Құжат мәтініне өту

Об утверждении стоимости разовых талонов

Өзге акт · № 22-7-IV · қабылданған 25.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50044/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении стоимости разовых талонов Күшін жойған Өзге акт ·№ 22-7-IV ·25.12.2009
13.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стоимости разовых талонов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 22-7-IV · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стоимости разовых талонов
Атауы (қаз.)
Бір реттік талондардың құнын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-7-IV
Қабылданған күні
25.12.2009
Көрсетілген редакция
13.07.2012 AI50044_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VH000101
ЭКБ идентификаторы
50044
Редакция идентификаторы
AI50044_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:31

0 Бір реттік талондардың құнын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қызметтері эпизоттық түрдегі (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтерді есептемегенде) жеке тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (қосымша беріледі).

2

2. Тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету (базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) сатуды есептемегенде) бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір реттік талондар құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (қосымша беріледі).

3

3. 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 16-2 «Бір реттік талондардың құнын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 31 қантардағы № 668 санымен тіркелген) шешімін, 2006 жылғы 14 ақпандағы № 19-10 «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 20 ақпандағы № 5-8-17 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2006 жылғы 10 наурыздағы № 11 (6112) санында жарияланған) шешімін күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызметтері эпизоттық түрдегі (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтерді есептемегенде) жеке тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 22-7-IV шешіміне 1 қосымша
Қызметтері эпизоттық түрдегі (стационарлық үй-жайларда
жүзеге асырылатын қызметтерді есептемегенде) жеке
тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны
Қызмет түрі
Бір реттік талондар құны (теңгемен)
Газеттер мен журналдар сату
33
Тұқымдар, сондай-ақ екпе материалдарын (көшеттер, шыбықтар) сату
33
Ақша дақылдарын сату
33
Саяжайларда және үй маңындағы телімдерде өсірілген тірі гүлдерді сату
33
Қосалқы ауыл шаруашылық, бау, бақша және саяжай телімдері өнімдерін сату
33
Жануарлар мен құстар үшін азықтар, гүл шоқтарын, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақ пен балық сату
33
Жер телімдерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері
33
Үй жануарларын (әр басына) және
құстарды (әр он басына) жаю
0,16
0,16

6 Тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету (базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) сатуды есептемегенде) бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір реттік талондар құны

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 22-7-IV шешіміне 2 қосымша
Тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет
көрсету (базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық
үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) сатуды есептемегенде)
бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір реттік талондар құны
Тауар түрі
Сауда алаңы
Бір реттік талондар құны
(теңгемен)
Азық-түліктік
Бір сауда орны
150
Өнеркәсіптік
Бір сауда орны
140

Қолданыстағы