Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы
- Атауы (қаз.)
- Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 20.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2024 · қолданыстағы 50057_690308.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09TE000118
- ЭКБ идентификаторы
- 50057
- Редакция идентификаторы
- 50057_690308
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:44
0 Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан тұрғындарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда отбасының жиынтық табысын есептеген кезде азаматтардың жеке иелігіндегі 2 бас мүйізді ірі қара, 5 бас қой мен ешкі малдарын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындалсын.
2
2. 1-тармақта белгіленген мал басы санынан артық малдың әр басының өнімі бұрынғы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Ережесіне сәйкес статистика органдары беретін бағалармен отбасының жиынтық табысына кіріс болып есептелінсін.