Құжат мәтініне өту

Мұқыр селолық округі көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы

Қаулы · № 1 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50068/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Мұқыр селолық округі көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 1 ·11.01.2010
26.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мұқыр селолық округі көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мұқыр селолық округі көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Мұқыр селолық округі көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
11.01.2010
Көрсетілген редакция
26.03.2010 · қолданыстағы 50068_175688.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TE000117
ЭКБ идентификаторы
50068
Редакция идентификаторы
50068_175688
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 Мұқыр селолық округі көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу белгілеу туралы

Мұқыр селолық округінің көлеміндегі "Аққұдық" қыстағы басында отырған "Тайсойған Агрофирмасы" ЖШС-ның меншігіндегі қой малының құтырып ауырғандығы туралы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 7 ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мұқыр селолық округінің көлеміндегі "Аққұдық" қыстағына қой малы құтыру ауруымен ауырғандығына байланысты шектеу белгіленсін.

2 2. "Аққұдық" қыстағында аурудың алдын алу және ауру ошағын жою үшін індетке қарсы төтенше комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңында көрсетілген іс шаралар ұйымдастырылсын.

3 3. Аудандық аумақтық инспекциясына (Ш. Бердешов - келісім бойынша) жұқпалы аурудың ошағында атқарылатын арнаулы жұмыстарды жедел жүзеге асыру ұсынылсын.

4 4. Шектеу белгіленген "Аққұдық" қыстағындағы және Мұқыр селосындағы бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою округ әкіміне (Т. Әбдуалиев) міндеттелсін.

5 5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Қызылқоға аудандық бөліміне (Г. Дәулетқалиева - келісім бойынша), аудандық орталық ауруханасына (С. Тайшыбай) ауру ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру алдын алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

6 6. Ауру ошақтарымен шектес елді мекендерде сақтандыру, алдын алу шараларын жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкесті жұмыстар ұйымдастыру аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Ш. Бердешов - келісім бойынша) ұсынылсын.

7 7. Шектеу белгіленген қыстақ басынан мал мен мал өнімдерін, жем-шөп, шикізаттар шығаруға, алып келуге тиым салынсын және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (І. Хамзин  - келісім бойынша) ұсынылсын.

8 8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқановқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы