Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах совершенствования нормотворческой деятельности в Республике Казахстан

Қаулы · № 19 · қабылданған 22.01.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50117/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах совершенствования нормотворческой деятельности в Республике Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 19 ·22.01.2010
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах совершенствования нормотворческой деятельности в Республике Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 19 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах совершенствования нормотворческой деятельности в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19
Қабылданған күні
22.01.2010
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI50117_10.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000019_
ЭКБ идентификаторы
50117
Редакция идентификаторы
AI50117_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:14

0 Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) таратылсын.

2 2. Серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлік беріле отырып, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

3

3. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты мен түрлері заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу, заңдардың Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу болып белгіленсін.

4 4. Мекемені ұстау шығыстарын қаржыландыру қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мекеменің құрылымын және штат санын бекітсін;

3 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, серіктестікті тарату жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын және серіктестік таратылғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді жүзеге асырсын;

4 4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 22 қаңтардағы
№ 19 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-35-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 218-3-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесі».

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

6 6. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
11-бөлімнің 3-бағанындағы «30680» және «26292» деген цифрлар тиісінше «30781» және «26393» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» 101».

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы