Құжат мәтініне өту

О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов

Өзге акт · № 207 · қабылданған 21.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50136/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов Күшін жойған Өзге акт ·№ 207 ·21.12.2009
15.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 207 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов
Атауы (қаз.)
Жергілікті өкілетті органдардың шешiмі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
207
Қабылданған күні
21.12.2009
Көрсетілген редакция
15.04.2010 AI50136_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KE000083
ЭКБ идентификаторы
50136
Редакция идентификаторы
AI50136_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:42

0 Жергілікті өкілетті органдардың шешiмі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

2008 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XXIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

1 1. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету мақұлдансын.

2 2. Біржолғы материалдық көмек алу құқығы келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күні мерекесі қарсаңында - 50000 теңге;

2 2) Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарына қатысқан тұлғаларға - 5000 теңге;

3 3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 10000 теңге;

4 4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға - 5000 теңге;

5 5) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) - 10000 теңге;

6 6) соғысқа қатысқанда қайтыс болғандардың әйелдеріне (күйеулеріне) - 5000 теңге;

7 7) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істегендерге - 5000 теңге;

8 8) Ауғанстан аумағында ұрыс әрекетiне қатысқандарға - 5000 теңге;

9 9) балаларды қорғау күні қарсаңында 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және мүмкіншіліктері шектелген балаларға - 2000 теңге;

10 10) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған батыр аналарға – 5000 теңге;

11 11) Қаражал қаласының Құрметті азаматы атағы берілгендерге қала Күніне – 2000 теңге және Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында – 3000 теңге.

3 3. Түберкулезбен ауратын адамдарға (болмаған жағдайда) жеке куәлiк жасатуға, ем алу кезінде өзi тұратын мекенiнен ем алу мекемесіне дейінгі жол шығынына ұсынылған жол құжаттары бойынша көмек көрсетілсін.

4 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) бiржолғы материалдық көмекті тағайындайды және бюджетте қаралған тиісті көлемдегі төлемдерді алушылардың жеке есеп шоттарына аударады.

5

5. Қаражал қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 105 "Жергілікті өкілді органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (2008 жылғы 30 желтоқсандағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiнде тіркеу нөмірі 8-5-61, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазыналы өңір" газетінiң 53 нөмiрiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.

7 7. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы