Құжат мәтініне өту

Об оказании материальной помощи на оплату коммунальных услуг

Өзге акт · № 209 · қабылданған 21.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50138/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об оказании материальной помощи на оплату коммунальных услуг Күшін жойған Өзге акт ·№ 209 ·21.12.2009
21.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании материальной помощи на оплату коммунальных услуг

Күшін жойған Өзге акт ·№ 209 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании материальной помощи на оплату коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
209
Қабылданған күні
21.12.2009
Көрсетілген редакция
21.12.2009 AI50138_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KE000085
ЭКБ идентификаторы
50138
Редакция идентификаторы
AI50138_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:43

0 Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XXIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

1 1. Коммуналдық қызметке Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне олармен бiрге тұратын отбасы мүшелеріне және Қаражал қаласының Құрметтi азаматтарына - 100 % материалдық көмек көрсету мақұлдансын.

2 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.):

1 1) материалдық көмекті тағайындау және төлем алушылардың жеке есеп шотына аудару жұмыстарын қамтамасыз етеді;

2 2) бір айлық төлемақы мөлшерін бір адам басына тұтыну нормасы бойынша анықтайды, оның ішінде:

электр қуаты үшін қызмет көрсетушiнiң бастапқыда бекiтiлген тарифi бойынша, 150 киловатт сағаттан артық емес;
суық су мен канализация үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша;
қоқыс шығару үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша;
жылу беру үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тариф бойынша, 18 шаршы метрден артық емес, жалғыз басты тұратындарға 30 шаршы метрден артық емес;
көмір үшін - 1 шаршы метрге 225 килограмм, 18 шаршы метрден артық емес, жалғыз басты тұратындарға 30 шаршы метрден артық емес, өңірде қалыптасқан тоқсандық орта статистикалық бағамен;
газ үшін, орта статистикалық мәлімет бойынша, бір айға 1 баллон (27 литр).

3

3. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 39 "Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы" шешімінің (2008 жылғы 08 ақпандағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiнде тiркеу нөмірі 8-5-48, 2008 жылғы 16 ақпандағы "Қазыналы өңір" газетiнiң 7 нөмiрiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.

5 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы