О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01/09
- Қабылданған күні
- 15.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2016 50150_110422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KF000095
- ЭКБ идентификаторы
- 50150
- Редакция идентификаторы
- 50150_110422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:18
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 және 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3 3. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Келісілген"
Сәтбаев қалалық мәслихатының
хатшысы
С.С. Имамбай
5 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
N 01/09 қаулысына
қосымша
Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.