Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных

Қаулы · № 2331 · қабылданған 31.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50202/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных Күшін жойған Қаулы ·№ 2331 ·31.12.2009
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных

Күшін жойған Қаулы ·№ 2331 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных
Атауы (қаз.)
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2331
Қабылданған күні
31.12.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI50202_7.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002331_
ЭКБ идентификаторы
50202
Редакция идентификаторы
AI50202_7
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:23

0 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2331 қаулысына
қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;

2 2) бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі;

3 3) жеке нөмір – жапсырмаға, чипқа, болюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код;

4

4) ветеринариялық бөлімше - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі;

5 5) тәртіптеме - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық паспорттар беру үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды бөлу (беру) туралы жоғары тұрған ветеринариялық бөлімшенің төмен тұрған ветеринариялық бөлімшеге құжаты;

6 6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдары – жапсырмалар (іліктірілген көрнекі, радиожиілікті белгісі бар), чиптар, болюстар, таңбалар.

3

3. Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.
Республика аумағында орны ауыстырылатын барлық мал басы осы Ережеде белгіленген тәртіппен бірдейлендіріледі.

4 4. Жануарларды бірдейлендіру рәсіміне:

1 1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен жеке нөмір беру және ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу;

2 2) жануарға ветеринариялық паспорт беру;

3 3) мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен енгізу жатады.

5 5. Ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу түріне байланысты мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1 1) жапсырмалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар);

2 2) таңбалау (жылқы);

3 3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).

6 6. Жапсырмалау жануардың құлағына жапсырма бекiту және оны құлақтың iшкi жағынан ортасына қарай, мүмкiндiгiнше оның түбiне жақын орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Жапсырмада осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес жеке нөмiрi көрсетiледi.

Ірі жануарларға екі құлағына бір-бірден бірдей екі жапсырма бекітіледі (бір жеке нөмірмен), ұсақ жануарлардың, оң құлағына бір жапсырма бекітіледі. Жапсырма жануардың бүкіл тіршілік етуі бойында шешілмейді. Ірі және ұсақ жануарлардың сол құлағына бекіту үшін радиожиілікті таңбасы бар жапсырма пайдаланылуы мүмкін.
Таңбалау ыстық немесе суық тәсiлмен жүзеге асырылады. Таңба дененiң сол жағына: республиканың, облыстың және мал түрiнiң литерлiк кодтары жауырынға, жеке нөмiр жамбасқа қойылады.
Чиптау, радиожиілік белгісі бар жапсырмалар мен болюстарды пайдалану оларды пайдалану жөнiндегi тиiстi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Жеке нөмір 12 (он екі) символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:

бірінші екі символ - Қазақстан Республикасының литерлік коды (ISO-Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес келетін екі әріптік қысқартылған атау);
үшінші символ - облыстың литерлік коды;
төртінші символ - жануар түрінің сандық коды;
бесіншіден бастап он екінші символдар - жылқыларды қоспағанда, жануардың жеке нөмірі.
Жылқының жеке нөмірі төрт символды құрайды. Жылқының жеке нөмірі төрт таңбалы саннан асқанда жеке нөмірге серия литерлік белгі түрінде латын әліпбиінің әріптерін енгізу жолымен көзделеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде жануарларға жеке нөмірлер беру кезектілікпен жүзеге асырылады.

8 8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының литерлік және цифрлық кодтары осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес беріледі.

9 9. Жануарларды бiрдейлендiру үшін пайдаланылатын жапсырмалар, чиптер, таңбалар осы Ереженiң 2-қосымшасында көрсетілген нысанға, мөлшерге және сипаттамаға сәйкес болуға тиіс.

10

10. Жануарларды сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында), сою пункттерінде және етті қайта өңдеу кәсіпорындарында сойғаннан кейін олардың ветеринариялық паспорттарын, чиптерін, жапсырмаларын, болюстерін сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары), сою пункттерінің және етті қайта өңдеу кәсіпорындарының ветеринарлық дәрігері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшелеріне тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтыну үшін сойған кезде иелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшелеріне береді.

11 11. Жануарлар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Ереженiң 10 және 23-тармақтарында көзделген жағдай туындаған кезде, олардың ветеринариялық паспорттарын, чиптерін, жапсырмаларын, болюстерін тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң комиссиялық – ветеринариялық бөлiмшелерi жояды.

12 12. Бірдейленген жануарлар бір әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағынан басқасына орын ауыстырған кезде берілген жеке нөмірлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға тиісті мәліметтер енгізіп сақталады.

13

13. Шет елден әкелінген асыл тұқымды карточкасы бар малдардың шыққан елде берілген жеке нөмірлері сақталады. Шетелден әкелінген жануарлар туралы деректер осы Ережеде белгіленген тәртіппен жануарларға профилактикалық карантиннен өткізілгеннен кейін (жануар импортталған (әкелінген) сәттен бастап отыз күнтізбелік күн) ветеринариялық паспорт беріле отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.

14 14. Арналу пункті етті қайта өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері, сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) болып табылатын және олар импортталған (әкелінген) сәттен бастап 30 (отыз) күннің ішінде кейіннен сойылатын импортталатын жануарлар бірдейлендіруге жатпайды.

2 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі

15 15. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:

1 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімдері мен жауапты орындаушыларын көрсете отырып бекітеді және оны ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жеткізеді;

2 2) ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;

3 3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді қамтамасыз етеді.

16 16. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:

1

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кестесін жасайды және бекітеді, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне жеткізеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

2 2) ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне дейін тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады.

17 17. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кестесіне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін жүргізу уақыты мен орнын анықтайды.

18 18. Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері:

1 1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бірдейлендіруді жүргізу орны бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді (деректерді дерекқорға енгізуді) жүзеге асырады;

2 2) жануарға жеке нөмір береді;

3 3) жапсырмалауды, чиптауды, таңбалауды жүзеге асырғаннан кейін жануардың иесіне осы Ереженің 3-тарауына сәйкес жануарға встеринариялық паспортты береді.

19 19. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін алынған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды бөлу тәртіптеме негізінде жүзеге асырылады.

20

20. Ауыл шаруашылығы жануарларын жапсырмалау, чиптау, таңбалау рәсімін ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар және/немесе ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізіп беруші болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жерплікті атқарушы органдары құрған ветеринария саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - орындаушы) жүргізеді.

21 21. Орындаушы жапсырмалауды, чиптауды, таңбалауды жүргізу кезінде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ведомость ресімдейді.

Ведомость 2 данада жасалады, Орындаушының және ветеринариялық белімшенің ветеринариялық дәрігерінің қолымен және соңғысының мөрімен бекітіледі.
Бір данасы іс-шараларды орындаушыда, екіншісі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға кейіннен енгізу үшін ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігерінде қалады.

22

22. Жануардың иесі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кезінде жануарға арналған ветеринариялық паспорттың, жануарларды бірдейлендіру үшін жапсырмалардың (чиптардың) құнын тиісті соманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне аудару арқылы қайтаруды қамтамасыз етеді.

23 23. Ірі жануарлардың жапсырмаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген кезде (жеке нөмірді анықтау мүмкін болмағанда) жануардың иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жапсырманың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы белгіленген тәртіппен жапсырманың телнұсқасына тапсырыс беруді және жапсырманың телнұсқасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны беруді қамтамасыз етеді.
Ірі жануарлардың екі жапсырмасы және ұсақ жануарлардың жапсырмасы жоғалған немесе бүлінген (жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған) кезде, жануар шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа жануарларының жеке нөмірлерін жануарлардың ветеринариялық паспорттарымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен салыстырып тексеру жүргізілгенге дейін жапсырмасы бүлінген немесе жоғалған жануардың жеке нөмірін анықтау үшін оқшауланады.
Осы жануарларды қайтадан бірдейлендіру жануарға жаңа жеке нөмір беріле отырып, осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

24 24. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру мал жасы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жасқа жеткенде мал иелері берген өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы күралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшесіне басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі

25 25. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде оның иесіне осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт береді.

26 26. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт әр жануардың жеке нөмірі көрсетіле отырып, тобына (отарына), ал жануарлардың қалған түрлеріне жеке беріледі.

27 27. Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері ветеринариялық паспортқа жүргізілген ветеринариялық өңдеулер және жануарды диагностикалық зерттеулер туралы мәліметті, жануардың иесі туралы деректерді енгізеді.

28 28. Жануардың ветеринариялық паспортының деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды (диагностикалық зерттеулерді, профилактикалық өңдеуді) жүргізу, иесін ауыстыру үдерісінде және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.

29 29. Ветеринариялық паспорт тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінің қолымен және мөрімен бекітіледі.

30 30. Ірі жануарлар қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі.

Ұсақ жануарлар тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Жануар межелі пунктке келгеннен кейін ветеринариялық паспорт ресімделеді.
Тиісті мәліметтер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.

31 31. Ветериңариялық паспорттың телнұсқасын беру ол жоғалған немесе тозығы жеткен кезде жүргізіледі.

Жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар жануарлар иелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігеріне жазбаша өтініш (ветеринариялық паспорттың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді жүргізеді.

32 32. Жануарға жоғалғанның немесе тозығы жеткеннің орнына берілген ветеринариялық паспортта «қайта берілген» деген белгі қойылады.

1 Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бекiтiлiп берiлген Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының литерлiк және цифрлық кодтары

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру ережесіне
1-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бекiтiлiп берiлген Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының литерлiк және цифрлық кодтары
Р/с

Ли­тер­лiк код
Штрих-код
үшін цифр­лық код
Ата­уы
1.
KZ
398
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
2.
С
01
Ақ­мо­ла об­лы­сы
3.
B
02
Ал­ма­ты об­лы­сы
4.
D
03
Ақ­тө­бе об­лы­сы
5.
E
04
Аты­рау об­лы­сы
6.
F
05
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
7.
H
06
Жам­был об­лы­сы
8.
L
07
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
9.
P
08
Қо­ста­най об­лы­сы
10.
M
09
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
11.
N
10
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
12.
R
11
Маң­ғы­стау об­лы­сы
13.
S
12
Пав­ло­дар об­лы­сы
14.
T
13
Сол­тү­стiк Қа­зақ­стан об­лы­сы
15.
Х
14
Оң­тү­стiк Қа­зақ­стан об­лы­сы
16.
A
15
Ал­ма­ты қа­ла­сы
17.
Z
16
Аста­на қа­ла­сы
Ауыл шаруашылығы жануарларының цифрлық коды
1 - iрi қара мал
2 - қой-ешкi
3 - шошқа
4 - жылқы
5 - түйе

2 Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың, чиптардың және таңбалардың нысандары, мөлшері және сипаттамасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру ережесіне
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың, чиптардың және таңбалардың нысандары, мөлшері және сипаттамасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (жапсырмалары, радиожиілікті белгісі бар жапсырмалары, чиптар, болюстар) Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитеттің (ICAR): www.service-icar.com/manufacturer_codes/Manufacturers_DB/ manufacturer_codes_main.asp интернет-ресурсында орналасқан Өндірушілер тізіміндегі өндірушілер шығаруы тиіс, бұл ретте сатып алынатын бірдейлендіру құралдарының үлгілері көрсетілген интернет-ресурстарында орналастырылуы қажет.
Жапсымалар мына белгілерге сәйкес келуі қажет:
сыртқы ортаның әсеріне төзімді болуы және жануардың тіршілік етуінің бүкіл мерзімінде оңай оқылуы;
қайталап қолдануды болдырмауы;
жапсырманың сыртқы жағында қатты сақина тәріздес тиектің ұшы және жапсырманың беткі жағында құлақтағы жапсырманы шешкенде оның бұзылуын қамтамасыз ететін тығыздағыш сақина болуы;
жануарға бекітілгеннен кейін оған зиянын тигізбейтіндей конструкцияда болуы;
жапсырмада өшіп қалмайтын жазулар болуы;
сары түсті болуы, жапсырманың әр бетінде өндірушінің сауда маркасы (сауда белгісі) және өндірілген күні (айы, жылы) жазылуы керек.
Жапсырманың беткі жағында штрих-код болуы керек. Ірі және ұсақ жануарларға арналған жапсырмаларда Қазақстан Республикасын, облыстарды, Астана және Алматы қалаларын белгілеу үшін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген цифрлық кодтар пайдаланыла отырып, жануарлардың жеке нөмірі штрих-кодпен кодталған. Цифрлық кодтар пайдаланылған штрих-кодтағы жануардың жеке нөмірі 14 (он төрт) символдан тұрады.
Биркалардағы радиожиілік таңбалары мен чиптар ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандтарттарына сәйкес келуі тиіс.
Таңбаның мөлшері: кәрі мал үшін - биіктігі 8 см, ені 5 см; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см, ені 3 см. Ыстықпен таңбалау үшін ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм беті тегіс жалпақ темірден таңба дайындалады. Суықпен таңбалаған кезде цифрлардың стандартты мөлшері пайдаланылады.

3 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру ережесіне
3-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость
Р/с

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ти­е­сі­лі ие­сі­нің Т.А.Ә. неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ие­сі­нің ме­кен-жайы неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Жа­ну­ар­лар өсі­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­сі­нің есеп­тік нө­мі­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы де­ректер
Ес­керт­пе
Бір­дей­лен­ді­ру жүр­гі­зі­л­ген күн
Бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі
Ана­сы­ның бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі
Бір­дей­лен­ді­ру әді­сі
Тү­рі
Жы­ны­сы
Мал­дың тү­сі
Аты
Жа­сы
Ведомость жасалған күн 20__ ж.____  ___________
Орындаушы                                      ____________________
(Т.А.Ә., колы)
Ветеринариялық бөлімшенің
ветеринариялық дәрігері                        ____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

4 Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру ережесіне
4-қосымша
(1-бет) / (страница 1)
Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт
____________________ аудан /район (кала/город)
_________________________________облыс/область
(2-бет) / (страница 2)
Ветеринариялық паспорттың нөмірі / Номер ветеринарного паспорта: № ___*
Жануар туралы деректер / Данные о животном:
Түрі / Вид ___________________________________________________
Жынысы / Пол__________________________________________________
Малдың түсі / Масть___________________________________________
Аты / Кличка__________________________________________________
Жасы / Возраст________________________________________________
Бірдейлендіру әдісі / Метод идентификации ____________________
Малдың тегі туралы деректер (егер асыл тұқымды жануар болса) / Данные о родителях (если племенное животное)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ти­е­сі­лі ие­сі­нің Т.А.Ә. неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы/
Ф.И.О. вла­дель­ца или на­име­но­ва­ни­е­ю­ри­ди­че­ско­го ли­ца, ко­то­ро­му при­над­ле­жит сель­ско­хо­зяй­ствен­ные жи­вот­ные
Ие­сі­нің ме­кен-жайы неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы /
Ад­рес вла­дель­ца или на­име­но­ва­ние юри­ди­че­ско­го ли­ца
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның ие­сі ауы­сты­ры­л­ған күн/
Да­та сме­ны вла­дель­ца сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ие­сі­нің ауы­сты­ры­луын рас­тай­тын мем­вет­сан­ин­спек­тор­дың қо­лы мен мө­рі/
Под­пись и пе­чать го­свет­сан­ин­спек­то­ра, под­твер­жда­ю­ще­го сме­ну вла­дель­ца сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных
Берілген күні 20__ ж.____ _________ / Дата выдачи___ ________ 20__ г.
М.О./М.П.
(жануардың паспортын берген
жергілікті атқарушы органның
мөрі / печать местного исполнительного _____________________________
органа, выдавшего паспорт животного)   (Т.А.Ә.,қолы / Ф.И.О.,подпись)
Ескертпе: *жануар паспортының нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді. Паспортты ауыл шаруашылығы жануарларының тобына (отарына) берген кезде төртінші жеті сан (бірдейлендіру нөмірінің жеке тасымалдаушысы) көрсетілмейді. Бұл сандар жануарлар паспортының 3-беттегі кестесінің 3-бағанында көрсетіледі.
Примечание: *номер паспорта животного соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственных животных. При выдаче паспорта на группу (отару) сельскохозяйственных животных четвертые семь цифр (индивидуальный носитель идентификационного номера) не указывается. Эти цифры указываются в 3 графе таблицы на 3 странице паспорта животного.
3-бет / Страница 3
№№
Кү­ні/ Да­та
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның то­бы­на (ота­ры­на) пас­порт бер­ген кез­де бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рін та­сы­мал­да­у­шы /
Но­си­тель иден­ти­фи­ка­ци­он­но­го но­ме­ра при вы­да­че пас­пор­та на груп­пу (ота­ру) сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның ти­іс­ті ау­руы бой­ын­ша ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­дың (егу, өң­деу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лар неме­се ди­а­гно­сти­ка­лық те­сттер*) ата­уы /
На­име­но­ва­ние ве­те­ри­нар­ных ме­ро­при­я­тий (при­вив­ки, об­ра­бот­ки, ма­ни­пу­ля­ции или ди­а­гно­сти­че­ские те­сты*) по со­от­вет­ству­ю­ще­му за­бо­ле­ва­нию сель­ско­хо­зяйс­вен­ных жи­вот­ных
Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды жүр­гіз­ген ве­те­ри­на­ри­я­лық қыз­мет­кер­дің Т.А.Ә. /
Ф.И.О. ве­те­ри­нар­но­го ра­бот­ни­ка, про­во­див­ше­го ве­те­ри­нар­ные ме­ро­при­я­тия
Қо­лы/ Под­пись
Ескертпе * ветеринариялық іс-шараларды (егу, өңдеу, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттері) жазу кезінде ауыл шаруашылығы жануарлары ауруының атауын көрсету қажет.
Примечание * при записи ветеринарных мероприятий (прививки, обработки, манипуляции или диагностические тесты) необходимо указывать наименование болезни сельскохозяйственных животных.

Қолданыстағы