Об утверждении Правил содержания кошек и собак в населенных пунктах Астраханского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания кошек и собак в населенных пунктах Астраханского района
- Атауы (қаз.)
- Астрахан ауданының елді мекендерінде ит пен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-19-12
- Қабылданған күні
- 24.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2012 50288_201560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BF000117
- ЭКБ идентификаторы
- 50288
- Редакция идентификаторы
- 50288_201560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:35
0 Астрахан ауданының елді мекендерінде ит пен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңымен сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қосымша берілген Астрахан ауданының елді мекендерінде ит пен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов
«Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіп Кешеніндегі
мемлекеттік инспекция
Комитетінің Астрахан
аудандық аумақтық инспекциясы»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Сысоев
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Ақмола облысы
бойынша департаменті Астрахан
ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы» Мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Тарасов
«Қазақстан Республикасының
ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының ішкі істер
Департаментінің Астрахан
ауданының ішкі істер бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж.Ешимов
3 Астрахан аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4С-19-12 шешімімен
бекітілді
Астрахан ауданында мысықтар мен иттерді ұстау Ережелері
1 1. Тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ережелер Астрахан ауданы аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңымен сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ит – сүтқоректілерге жатады, мөлшеріне, түсіне және басқа белгілеріне қарамай қасқыр тектеске жататын үй жануары;
мысық - сүтқоректілерге жатады, мөлшеріне, түсіне және басқа белгілеріне қарамай мысық тектеске жататын үй жануары;
жануар иесі – мысықтың немесе иттің иесі, немесе жалға алу негізінде немесе иесімен басқа да осыған ұқсас келісу арқылы жануарды ұстаумен шұғылданатын тұлға;
қадағалаусыз, қараусыз қалған жануар – иесін анықтау мүмкін емес тіркелмеген жануар, иесінің немесе жауапты тұлғаның қарауынсыз қалған, яғни иесінен қашып кеткен жануар;
мысықтар мен иттерді қыдырту – мысықтар мен иттердің иесінің жеке меншігі болып саналатын немесе басқадан жалға алған үй-жайдан тыс жерде болулары және арнайы бөлінген аумақта болулары.