Об упразднении и преобразовании некоторых населенных пунктов и сельских округов Акмолинской области по Аккольскому, Аршалынскому, Астраханскому, Атбасарскому, Енбекшильдерскому, Зерендинскому, Есильскому, Целиноградскому, Шортандинскому районам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении и преобразовании некоторых населенных пунктов и сельских округов Акмолинской области по Аккольскому, Аршалынскому, Астраханскому, Атбасарскому, Енбекшильдерскому, Зерендинскому, Есильскому, Целиноградскому, Шортандинскому районам
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Еңбекшілдер, Зеренді, Есіл, Целиноград, Шортанды аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерін тарату және қайта құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-13-532
- Қабылданған күні
- 10.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 50290_303659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003344
- ЭКБ идентификаторы
- 50290
- Редакция идентификаторы
- 50290_303659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:48
0 Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Еңбекшілдер, Зеренді, Есіл, Целиноград, Шортанды аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін тарату және қайта құру туралы
1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № А-11/330 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қарашадағы № С-24-2 шешімі, Аршалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № А-76, 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № А-604 қаулылары мен Аршалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 4/3, 2009 жылғы 27 қазандағы № 22/4-2 шешімдері, Астрахан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 708 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 4С-17-11 шешімі, Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № а-12/304, 2009 жылғы 19 қазандағы № а-10/259 қаулылары мен Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 4С-22/2, 2009 жылғы 19 қазандағы № 4С-21/5 шешімдері, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қазандағы № а-10/172 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 қазандағы № С-18-4 шешімі, Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 378 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21-142 шешімі, Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № а-12/382 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21/3 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 209 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 қазандағы № 145/22-4 шешімі, Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № А-5/271 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № С-21/3 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
1 1) Ақкөл ауданы бойынша:
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
Бөгенбай ауылдық округінің Мирное ауылы;
Минск ауылдық округінің Хлебоприемное ауылы ;
Селеті ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Минск ауылдық округі Минское ауылының құрамына енгізілсін;
Бөгенбай ауылдық округі, оның құрамына Минск ауылдық округінің Степногорск ауылы енгізіліп, қайта құрылсын, Бөгенбай ауылдық округінің орталығы болып Степногорск ауылы анықталсын;
Искра ауылдық округі, оның құрамына Минск ауылдық округінің Минское ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Минск ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын
2 2) Зеренді ауданы бойынша:
Бәйтерек ауылдық округі, оның құрамына:
Зеренді ауылдық округінің Красный Кордон ауылы ;
Троицкое ауылдық округінің Ермаковка ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Троицкое ауылдық округі, оның құрамына Қошқарбай ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Викторовка ауылдық округінің құрамынан шығару арқылы жеке әкімшілік-аумақтық бірлік Айдабол ауылы құрылсын;
Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округ, оның құрамына Бірлестік поселкесі енгізіліп, қайта құрылсын, ауылдық округтің орталығы болып Бірлестік поселкесі анықталсын;
Ақкөл ауылдық округі, оның құрамына Самарбай ауылдық округінің Молодежное, Туполевка селолары енгізіліп, қайта құрылсын;
Самарбай ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Кусепское ауылдық округі, оның құрамына Қазоты ауылдық округінің Раздольное, Теректі селолары енгізіліп, қайта құрылсын;
Қазоты ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
3 3) Астрахан ауданы бойынша:
Астраханка бекеті басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Жалтыр ауылдық округі Жалтыр ауылының құрамына енгізілсін;
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Колутон ауылдық округінің 90 разъезді таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Первомайское ауылдық округі, оның құрамына Камышен ауылдық округінің Камышенко ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Камышен ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
4 4) Аршалы ауданы бойынша:
Тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты Сарыоба ауылдық округінің Владимировка ауылы қысқартылсын және есептік деректерден шығарылсын.
Шалғай ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Бірсуат ауылдық округі Бірсуат ауылының құрамына енгізілсін.
5 5) Атбасар ауданы бойынша:
Пролетарка ауылы Новосельское ауылдық округі Новосельское ауылының құрамына енгізіліп, қайта құрылсын;
Покровка ауылдық округі, оның құрамына Садовое ауылдық округі Садовое ауылының құрамына енгізіліп, қайта құрылсын;
Садовое ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Мариновское ауылдық округі, оның құрамына Адыр ауылдық округінің бекеті енгізіліп, қайта құрылсын;
Адыр ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
6 6) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Белағаш және Арай селолары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Краснофлот ауылдық округі Краснофлот ауылының құрамына енгізілсін;
Терек, Азнабай, Прожектор, Қарасу селолары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Уәлиханов ауылдық округі Уәлиханов ауылының құрамына енгізілсін;
Кішкентай ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Бірсуат ауылдық округі Сәуле ауылының құрамына енгізілсін;
Дачи ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Макинка ауылдық округі Бұланды ауылының құрамына енгізілсін.
7 7) Есіл ауданы бойынша:
Біртал ауылдық округі, оның құрамына Ейское ауылдық округінің Ейское ауылы енгізіліп, қайта құрылсын, ауылдық округтің орталығы болып Ейское ауылы анықталсын;
Ейское ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Юбилейное ауылдық округі, оның құрамына Интернациональное ауылдық округінің Интернациональное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Интернациональное ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Қаракөл ауылдық округі, оның құрамына Речное ауылдық округінің Речное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Речное ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Бізұлық ауылдық округі, оның құрамына Сұрған ауылдық округінің Сұрған ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Сұрған ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Жаныспай ауылдық округі, оның құрамына Ковыльное ауылдық округінің Ковыльное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын;
Ковыльное ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
8 8) Шортанды ауданы бойынша:
Баскөл ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Пригородное ауылдық округі Пригородное ауылының құрамына енгізілсін;
Новокавказское ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Петровка ауылдық округі Петровка ауылының құрамына енгізілсін;
Первомайское ауылы ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Новоселовка ауылдық округі Новоселовка ауылының құрамына енгізілсін;
9 9) Целиноград ауданы бойынша:
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Қосшы ауылдық округінің Госплемстанция ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Апполоновка ауылы басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Софиевка ауылдық округі Софиевка ауылының құрамына енгізілсін;
Фарфоровое ауылы Фарфоровый ауылы категориясына көшірілсін.