Об установлении единых ставок фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 24.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2018 50324_316522.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CA000127
- ЭКБ идентификаторы
- 50324
- Редакция идентификаторы
- 50324_316522
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:36
0 Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 99-IV Кодексінің 422 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақтөбе қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 17 қаңтардағы № 3-1-66 санымен тіркелген, 2007 жылғы 23 қаңтарда № 9 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, «Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 3-1-102 санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда № 9-10 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, «Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 303 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2009 жылғы 27 қазандағы № 190 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 3-1-122 санымен тіркелген, 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 151-152 «Ақтөбе» және № 150-151 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бастығы С.М. Лиге жүктелсін.
4 4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті жиырма бірінші
сессиясының 2009 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 215 шешіміне қосымша
Салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с
№
Салық салу объектілер
Мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштерде)
1
Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
2
Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы
8
3
Ойын өткізу үшін қолданатын жеке компьютер
2
4
Ойын жолы (боулинг бойынша)
41
5
Бильярд үстелі
12
6
Карт
8