Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
ҚАЗЖоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 14.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2010 · қолданыстағы 50350_161807.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZA000174
- ЭКБ идентификаторы
- 50350
- Редакция идентификаторы
- 50350_161807
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:19
0 Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.