Құжат мәтініне өту

Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 95 · қабылданған 14.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50350/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 95 ·14.01.2010
23.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 95 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
14.01.2010
Көрсетілген редакция
23.12.2010 · қолданыстағы 50350_161807.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZA000174
ЭКБ идентификаторы
50350
Редакция идентификаторы
50350_161807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:19

0 Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.

2 2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

3 3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт жасасын.

4 4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.

Қолданыстағы