Құжат мәтініне өту

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 15 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50416/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 15 ·11.01.2010
17.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 15 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
11.01.2010
Көрсетілген редакция
17.01.2011 · қолданыстағы 50416_213591.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CH000104
ЭКБ идентификаторы
50416
Редакция идентификаторы
50416_213591
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасын, 20 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін /қосымша/.

2 2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Алматбаева Г. А) осы қаулының жүзеге асыруылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қоғамдық жұмысқа қатысушы тұлғалардың еңбек ақысы есебіне сәйкес жыл қаржысынан нақты атқарған уақыты негізінде жүзеге асырылады және төлемдер жұмыссыздардың банкілердегі жеке есеп шоттарына аударылады.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И. Г. Цыбаға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 15 қаулысына қосымша
Уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты шарттары
Рет
саны
Мекемелер
атауы
Қоғамдық
жұмыстардың
түрлері
Шарт
бойынша
жұмыстар
дың
көлемі,
1 адамға
/болжам/
/теңге/
Берілген
сұраныс
Қар­жы­лан­ды­ру
көз­де­рі
Жұ­мыс
орын
са­ны
Адам/
кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
1
Се­ло­лық /ауыл­дық/ округ­тер:
Ақ­құ­дық
Бай­то­ры
Бай­нассай
Қа­ра­шай
Қа­ра­то­ғай
Қы­зы­л­жар
Құр­ман­сай
Жай­сан
Мәр­төк
Род­ни­ков­ка
Та­ныр­бер­ген
Хаз­рет
Хле­бо­дар
«Құ­ры­лыс бри­га­да­сы», «Жол­дар, «Көр­кей­ту», «Ту­ған өл­ке», «Са­нақ», Мей­ір­бан мед­би­ке», «Эко­лог», «Су­ға ба­ту­шы­ны құт­қа­ру­шы», «Сар­ба­з­дар», «Іс ша­ра­лар өт­кізу­ге сеп­те­су», «Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жұ­мыста­ры», «Жа­ды», «Жас ма­ман­дар»
14952
149
3278
ЖБ
2
«Аудан­дық про­ку­ра­ту­ра» ММ
«Көр­кей­ту», Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
8
176
ЖБ
3
«Мәр­төк аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» ММ
«Са­нақ »,
«Ке­нес­ші»
14952
6
132
ЖБ
4
«Аудан­дық қор­ға­ныс іс­тер бө­лі­мі» ММ
«Са­нақ »
14952
10
220
ЖБ
5
«Аудан­дық бі­лім бө­лі­мі» ММ және аудан мек­теп­те­рі
«Са­нақ », «Көр­кей­ту », «Мек­теп­тер­де ер­тең­гі­лік ас әзір­леу», «Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
10
220
ЖБ
6
«Мәр­төк аудан­дық ем­ха­на­сы» ММ
«Са­нақ », «Көр­кей­ту», «Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
2
44
ЖБ
7
«»Мәр­төк аудан­дық со­ты» ММ
«Са­нақ », «Көр­кей­ту»
14952
10
220
ЖБ
8
«Аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі» ММ
«Сар­ба­з­дар»
14952
4
88
ЖБ
9
«Аудан­дық ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы» ММ
«Тә­лім­бақ», «Көр­кей­ту»,
14952
40
880
ЖБ
10
«Мәр­төк аудан­дық мә­де­ни­ет және тіл­дер­ді да­мы­ту» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Мәр­төк аудан­дық мә­де­ни­ет үйі» МКҚК
«Іс ша­ра­лар өт­кізу­ге сеп­те­су»,», «Көр­кей­ту», «Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
12
264
ЖБ
11
«Аудан әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» ММ
«Са­нақ», «Көр­кей­ту», «Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
14
308
ЖБ
12
«Аудан­дық әді­лет бас­қар­ма­сы» ММ
«Са­нақ»,
«Ке­ңес­ші»
14952
4
88
ЖБ
13
ҚР Ауыл ша­ру­а­шы­лық ми­ни­стр­лі­гі­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық ве­те­ри­на­ри­я­лық зерт­ха­на» РМҚК Ақ­тө­бе об­лы­стық фи­ли­а­лы Мәр­төк аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық зерт­ха­на­сы.
«Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жұ­мыста­ры»
14952
2
44
ЖБ
14
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның сот әкім­ші­сі­нің Мәр­төк аумақ­тық учас­ке­сі
«Са­нақ»
14952
4
88
ЖБ
15
Мәр­төк ауда­ны бой­ын­ша са­лық бас­қар­ма­сы
«Са­нақ», «Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
2
44
ЖБ
16
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау де­пар­та­мен­ті­нің Мәр­төк аудан­дық бө­лі­мі
«Көр­кей­ту», «Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
14952
2
44
ЖБ
17
«Мәр­төк ауда­ны­ның жер қа­ты­на­ста­ры бө­лі­мі» ММ
«Са­нақ»
14952
1
22
ЖБ
18
Мәр­төк ауда­ны­ның мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
«Са­нақ», «Жа­ды»
14952
2
44
ЖБ
19
«Мәр­төк- сер­вис» МКК
«Көр­кей­ту
14952
14
308
ЖБ
20
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша жы­л­жы­май­тын мү­лік жө­нін­де­гі ор­та­лы­ғы РМҚК Мәр­төк аудан­дық фи­ли­а­лы
«Са­нақ»
14952,0
2
44
ЖБ
21
«ҚР АШМ АӨК мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті­нің аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­сы» ММ
«Са­нақ»
14952,0
2
44
ЖБ
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары

1 1. «Құрылыс бригадасы»

Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру.

2 2. «Жолдар»

Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.

3 3. «Көркейту»

Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.

4 4. «Туған өлке»

Отынды дайындай, құдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.

5 5. «Ауыл шаруашылығы жұмыстары»

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету. Малдарды идентификациялау.

6 6. «Тәлімбақ»

Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.

7 7. «Санақ»

Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі сынақтар, әскерге шақыру) ұйымдастыруға қатысу. «Жалғыз терезе» қағидасы бойынша көмек көрсету, мүлiктi жариялау жөнiндегi комиссиясына көмек көрсету.

8 8. «Іс шаралар өткізуге септесу»

Мәдени мақсаттағы ауқымды іс- шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.

9 9. «Жады»

Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.

10 10. «Кітапқа – екінші өмір»

Қалалар мен аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастыра отырып жаңғырту

11 11. «Мейірбан медбике»

Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.

12 12. «Тігінші»

Ауруханаларда, мектептермен мектеп – интернаттарда, балалар үйлерінде, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек – жаймалармен киім –кешектерді қайта тігу

13 13. «Эколог»

Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму.

14 14. «Кеңесші»

Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңес беру.

15 15. «Сарбаздар»

Қоғамдық тәртіпті сақтау. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.

16 16. «Мектептерде ертеңгілік ас әзірлеу»

Оқушылардың тамақтандыруын ұымдастыру үшін

17 17. «Суға батушыны құтқарушы»

Суға түсуге арналған арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін қадағалау, суға батушыны құтқару.

18 18. «Жас мамандар»

Жас мамандарды оқу бөлімдерін бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойыншажұмысқа тарту, қабілетін күшейту, мамандығына іс жүзінде көмектесу.

19 19. Жұмыс регламенті

Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулық жүргізіледі, арнаулы киіммен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі, зейнетақы және әлеуметтік есептемелер, уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы төлемі жүргізіледі.

Қолданыстағы