О корректировке базовых ставок земельного налога по району Шал акына
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 20/10
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога по району Шал акына
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/10
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2015 50440_253476.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SN000093
- ЭКБ идентификаторы
- 50440
- Редакция идентификаторы
- 50440_253476
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:32
0 Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес, аудан әкімінің аймаққа бөлу және ұсыну сұлбасының негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының төлемақылары:
1 1) 378-бабы бойынша «Ауыл шаруашылығы тағайындау жеріне базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға;
2 2) 379-бабы бойынша «Жеке тұлғаларға ұсынылған ауыл шаруашылығы тағайындау жеріне базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға;
3 3) 381-бабы бойынша «Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда) базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға;
4 4) 383-бабы бойынша «Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға жоғарылатылсын.
2 2. «Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қаңтардағы сессиясының № 5/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданы бойынша салық
басқармасы бастығының орынбасары
С. Мұқанов
2009 жылғы 25 желтоқсан