О корректировке базовых ставок земельного налога по району Шал акына
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 20/10
·
14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога по району Шал акына
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/10
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2015 50440_253476.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SN000093
- ЭКБ идентификаторы
- 50440
- Редакция идентификаторы
- 50440_253476
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:32
0 Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес, аудан әкімінің аймаққа бөлу және ұсыну сұлбасының негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–IV Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының төлемақылары:
1) 378-бабы бойынша «Ауыл шаруашылығы тағайындау жеріне базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға;
2) 379-бабы бойынша «Жеке тұлғаларға ұсынылған ауыл шаруашылығы тағайындау жеріне базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға;
3) 381-бабы бойынша «Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда) базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға;
4) 383-бабы бойынша «Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне базалық салық төлемақылары» – 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. «Шал ақын ауданы бойынша жер салығының базалық төлемақысын түзету туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қаңтардағы сессиясының № 5/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданы бойынша салық
басқармасы бастығының орынбасары
С. Мұқанов
2009 жылғы 25 желтоқсан