Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17-3
- Қабылданған күні
- 23.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2012 · қолданыстағы 50449_199158.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09ZJ000068
- ЭКБ идентификаторы
- 50449
- Редакция идентификаторы
- 50449_199158
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:38
0 Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Сырым аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
кезекті ХVІІ сессиясының
№ 17-3 шешімімен белгіленсін
Сырым ауданының елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды ұстаудың
ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" (бұдан әрі Кодекс) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген.
2 2. Ереже Сырым ауданы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді.
3 3. Осы ереже меншік нысанына қарамастан иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
4 4. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттер мен мысықтар үш айлық жасынан бастап тұқымына қарамастан құтырмаға қарсы егілуі тиіс, сондай-ақ олар гельмиттерге қарсы зерттелуге немесе оларға алдын-ала дегельминтация жасалуы тиіс.
5 5. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар орындалған жағдайда ғана иттер мен мысықтарды үйде ұстауға рұқсат етіледі.
6 6. Заңдарда белгіленген тәртіппен көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер ауланады.
7 7. Иттер мен мысықтарды ортақ пайдаланатын жерлерде (дәліздер, жертөлелер, шатырлар, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы бөлмелер) ұстауға жол берілмейді.
8
8. Иттерді аулаларда ұстаған жағдайда, иелері иттердің бос жүрмеуін қадағалап және көршілердің ауласынан қашықтықта ұстауы тиіс. Иттерді жеке меншіктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберістерде көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет. Ұстайтын ит пен мысықтың саны шектелмейді, бірақ олар көршілерге қолайсыздық туғызбауға тиіс.
9 9. Иттер мен мысықтардың терісі мен етін пайдалану, сату, жеу мақсатында өсіруге және ұстауға рұқсат етілмейді.
10 10. Сырым ауданының орталығында және елді мекендерінде иттер шайқасын ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат етілмейді.
3 3. Ит пен мысық иелерінің ұстануы тиіс ережелер
11 11. Ит пен мысық иелері төмендегі ережелерді:
1
1) иттер мен мысықтарды тері мен тұқымына байланысты зоотехникалық зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай ұстап, қоршаған адамдарға қолайсыздық және қауіп туғызбауын қамтамасыз етуге тиіс. Ауланы, подъезді, балалар алаңын, тротуарларды, демалыс орындарын ластамауға, ал ластаған жағдайда орнын жинап алуы тиіс (қағаз және полэтилен пакеттеріне);
2 2) Иттер мен мысықтарды биологиялық қажеттеріне сай асырауға, оларға жақсы ниетпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, қажет мөлшерде тамақпен қамтамасыз етуге, әрдайым ішетін суы болуға, қатал мінез танытпауға, ауырған кезде уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге;
3 3) ветеринариялық іс-шаралар өткізуге, карантиндік режимді сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
4 4) мысық тістеген және ит қапқан барлық жағдайда карантиндіқ іс-шаралар өткізу үшін жедел түрде медициналық мекемелерге хабарлауға;
5 5) ит пен мысықтар өлген жағдайда ветеринар мамандарға хабарлауы қажет, өлімтікті лақтырмауға, көмуге, өлімтіктер арнаулы жерлерде ғана өртеу арқылы жойылады. (ит пен мысық иелерінің тарабынан)
4 4. Ит немесе мысық иесінің құқықтары
12 12. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалады.
13
13. Жануар оның иесінен тек құтыру ауруы болған жағдайдан басқа уақытта оның келісімімен ғана алынады. Жануар иесінен адамды тістеп, жарақат салған жағдайда адамға жұғатын аурудың немесе қауіпті аурулардың болуына зерттеу жүргізу үшін оның келісімінсіз алынады. Егер алынған жануардың дені сау деп танылса, иесіне кері қайтарылады.