Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С 25-2
- Қабылданған күні
- 21.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2010 50466_201315.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BC000130
- ЭКБ идентификаторы
- 50466
- Редакция идентификаторы
- 50466_201315
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:42
0 Жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
- мүгедектерге;
- ақталған азаматтарға;
- қарттар Күніне арнап зейнеткерлерге;
- көп балалы аналарға;
- күнкөріс деңгейінен төмен кірістері бар немесе анықталған жағдайларға қарай жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға;
- емделмейтін аурулармен ауыратындарға;
- туберкулезбен ауыратындарға;
- аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың төлеу негізіндегі колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студентеріне.
2
2. Ақкөл аудандық мәслихаттың «Жергілікті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 1 маусымдағы № С19-4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-109 тіркелген, 2009 жылғы 3 шілдедегі аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев