Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности

Қаулы · № 330 · қабылданған 21.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50467/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности Күшін жойған Қаулы ·№ 330 ·21.12.2009
26.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 330 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн мамандар лауазымдарының Тiзбесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
330
Қабылданған күні
21.12.2009
Көрсетілген редакция
26.05.2016 50467_111140.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KM000074
ЭКБ идентификаторы
50467
Редакция идентификаторы
50467_111140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:42

0 Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн мамандар лауазымдарының Тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексiнiң 18, 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен жиырма бес пайызға тарифтiк мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру, мәдениет және әлеуметтiк қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Акимовке жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми рет жарияланған күнiнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

КЕЛІСІЛДІ
Қарқаралы аудандық
мәслихатының хатшысы
О. Жүкібаев
22.12.2009 ж.

4 Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң

2009 жылғы 21 желтоқсандағы
N 330 қаулысына қосымша
Жиырма бес пайызға тарифтiк мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру, мәдениет және әлеуметтiк қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тiзбесi

1 1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы, оқу, тәрбие және оқу-тәрбие жөніндегі басшының орынбасары, меңгерушiсі, басшысы оның ішінде: кiтапхананың, интернаттың;

2

2) (бас, аға) мамандар, оның iшiнде: барлық мамандықтағы дәрiгерлер мен мұғалiмдер, медициналық бике, кiтапханашы, тәрбиешi, тәлiмгер, барлық мамандықтағы инженер, барлық атаулар техниктерi, жаттықтырушы, нұсқаушы, әдiскер, аудармашы, программист, концертмейстер, хореограф, аккомпаниатор, есепші, экономист, алғашқы әскери даярлық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы, әлеуметтiк педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша бiлiм беретiн педагог, педагог-психолог, логопед, мастер, өндiрiстiк оқыту мастерi, музыка жетекшiсi, емдәм бикесі;

2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттiк мекемесiнiң және мәдениет қазынашылық кәсiпорнының басшысы мен орынбасары, бөлiмшелер басшылары, оның iшiнде: кітапхана, филиал меңгерушісі;

2 2) (бас, аға) мамандар, оның iшiнде: әдiскер, суретшi, кiтапханашы, режиссер, көркемдік жетекші, музыкалық жетекші, редактор, балетмейстер, концертмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, ұйымдастырушы, музыкант, библиограф, нұсқаушы, программист, есепші, экономист;

3 3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

1 1) бөлімшелердің басшылары, оның iшiнде: бөлімшенің меңгерушісі;

2 2) (бас, аға) мамандар, оның iшiнде әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

Қолданыстағы