Құжат мәтініне өту

Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица

Қаулы · № 5138 · қабылданған 05.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50481/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Күшін жойған Қаулы ·№ 5138 ·05.01.2010
10.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица

Күшін жойған Қаулы ·№ 5138 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица
Атауы (қаз.)
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5138
Қабылданған күні
05.01.2010
Көрсетілген редакция
10.11.2011 50481_215774.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VA000131
ЭКБ идентификаторы
50481
Редакция идентификаторы
50481_215774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:22

0 Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу және тіркеу үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, саны 10 (онға) дейін кәмелетке толған азаматтармен діни топтарды (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.

2 2. алынып тасталды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.05.07 N 6953 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

3 3. Дiни топ оны Бөлімде есептiк тiркеуге қойған сәттен бастап дiни қызметiн жүзеге асыру құқығына ие болады.

4 4. Діни топ есептік тіркелу үшін Бөлімге келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз;

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тiзiмi;

3 3) топ мүшелерi жиналысының хаттамасы.

5

5. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, Бөлім дiни топты есептiк тiркеу туралы деректерді 3-қосымшаға сай үлгіде заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналына енгізеді және құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей осы қаулының 4-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ діни топты есептік тіркеу жөніндегі анықтаманы береді.

6 6. Есептiк тiркеу ақысыз жүргiзiледi.

7 7. Дiни топ өзiнiң қызметiн нақты тоқтатқан немесе әдiлет органдарында мемлекеттiк тұлға мәртебесiмен дiни бiрлестiк немесе заңды тұлғаның филиалы ретiнде тiркеуден өткен жағдайда жергiлiктi атқарушы органның есептiк тiркеуiнен шығарылады.

8 8. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

12 Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 1 қосымша
___________________________
(арызды тiркеушi органның атауы)
Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни
топтарды есептік тіркеу жөніндегі
арыз
____________________________________________
(топ жетекшiсiнiң тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________
(дiни топтың атауы, ұстанатын дiні)
_____________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерiнiң саны)
_____________________________________________
(дiни топтың мекенжайы және ғибадат үйiнiң болуы)
_____________________________________________
(өз қызметiн соның шегiнде жүзеге асыратын аумағы)
Қолы
Күні

13 Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз дiни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тiзiмi

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 2 қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ
саны аз дiни топты құраушы кәмелетке
толған азаматтардың тiзiмi
Р/
с

Тегі, аты,
әкесiнiң аты,
Туған жылы, айы,
күнi
Тұрғылықты жерi
Қолы
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз
дiни топтың басшысының қолы
күні

14 Заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналы

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 3 қосымша
Заңды тұлғаның белгілері жоқ
саны аз діни топтарды есептік тіркеу
журналы
Р/с

Тiркелген
нөмірі
мен
күні
Дiни
топтың
атауы
Дiни
топтың
ұстанатын
діні
Дiни топтың
орналасқан
жерi
Дiни топ
қызметiнiң
ауданы
Ғибадат
үйiнiң
бар
болуы
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы:
Р/с

Тiркелген
нөмірі
мен
күні
Жетекшiнiң
тегі, аты,
әкесінің
аты,
мекен-жайы, телефоны
Есептік тiркеу
туралы анықтаманы
толтырған тұлғаның
тегі, аты, әкесінің
аты
Есептік тiркеу
туралы
анықтаманы
алған тұлғаның
тегі, аты,
әкесінің аты
Ескерту
1
2
8
9
10
11

15 Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі анықтама

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 4 қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни
топтарды есептік тіркеу жөніндегі
анықтама
№ _____
200__ жылғы «___»____________ берiлдi
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтың атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Топты тiркеген органның басшысы Қолы
Мөрi

Қолданыстағы