Қолданыстағы ред. 05.01.2010

Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы от 05.01.2010 г. № 25/2 (Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы)

0

Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

1

1) 54,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Ақбұлақ ауылының жалпы ауданы 296,86 гектар;

2

2) 29,26 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Алтынтөбе ауылының жалпы ауданы 101,63 гектар;

3

3) 3,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Көкбұлақ ауылының жалпы ауданы 195,14 гектар;

4

4) 23,16 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Қайнар елді мекенінің жалпы ауданы 297,25 гектар;

5

5) 38,33 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақұм ауыл округі Қарақұм ауылының жалпы ауданы 209,09 гектар;

6

6) 126,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының жалпы ауданы 2941,23 гектар болып белгіленсін.

2

2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.