Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
Тармақша 1
1) 54,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Ақбұлақ ауылының жалпы ауданы 296,86 гектар;
Тармақша 2
2) 29,26 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Алтынтөбе ауылының жалпы ауданы 101,63 гектар;
Тармақша 3
3) 3,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Көкбұлақ ауылының жалпы ауданы 195,14 гектар;
Тармақша 4
4) 23,16 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Қайнар елді мекенінің жалпы ауданы 297,25 гектар;
Тармақша 5
5) 38,33 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақұм ауыл округі Қарақұм ауылының жалпы ауданы 209,09 гектар;
Тармақша 6
6) 126,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының жалпы ауданы 2941,23 гектар болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.