Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны

Бұйрық · № 313 · қабылданған 29.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50629/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны Күшін жойған Бұйрық ·№ 313 ·29.12.2009
29.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны

Күшін жойған Бұйрық ·№ 313 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по определению потребности в средствах защиты в интересах Гражданской обороны
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
313
Қабылданған күні
29.12.2009
Көрсетілген редакция
29.05.2014 AI50629_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090006022_
ЭКБ идентификаторы
50629
Редакция идентификаторы
AI50629_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:26

0 Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулықты бекіту туралы

«Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

0 Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық

1

1. Осы Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халқын қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындайды.

2 2. Соғыс уақытында халықтың қорғауын қамтамасыз ету үшін қорларда жеке қорғану құралдарын жинақтау:

химиялық ластануы (жұқтыруы) ықтимал аймақтары шекараларының аумақтарында мекендейтін халық және жұмыскерлер үшін - газ тұмшалар, олардың жалпы санынан 100% есептеумен, оның ішінде балалар үшін - балалық қорғану бөлмелері немесе балалық газ тұмшалар - 35%;
радиациялық және биологиялық ластануы (жұқтыруы) ықтимал аймақтары шекараларының аумақтарында мекендейтін халық және жұмыскерлер үшін - газ тұмшалар мен тұмылдырықтар, олардың жалпы санынан 100% есептеумен, оның ішінде балалар үшін - балалық қорғану бөлмелері немесе балалық газ тұмшалар - 35%.

3 3. Ақаулы газ тұмшалардың тықсыруы мен ауыстыруын қамтамасыз ету үшін газ тұмшалар (тұмылдырықтар) қорларының талап етілетін саны қажеттіліктен 5%-ға арттырылады.

4 4. 2-тармақта көрсетілген халықтың санатын қорғауды қамтамасыз ету үшін қорларда:

соғыс уақытында медициналық жеке қорғану құралдарын, олардың жалпы санынан 100% есептеумен;
соғыс уақытында қатты әсер ететін улы заттардан қорғану үшін газ тұмшаларға қосымша патрондар, олардың жалпы санынан 40% есептеумен жинақтау жүзеге асырылады.

5 5. Жеке қорғану құралдарының қажетті санын есептеу кезінде екі және көбірек химиялық, радиациялық немесе биологиялық жұқтыру аудандарын бір-біріне қондыру кезінде есептеуге барынша жұқтырған ауданды ескеру қажет.

6 6. Қорғану құралдарының кепілді сақтау мерзімін әзірлеуші ұйым орнатады.

7 7. ГП-5, ГП-7, ПДФ-Д (Ш) және ПДФ-2Д (Ш) үлгісіндегі (азаматтық, балалық) сүзгіш газ тұмшалар, КЗД-4 (КЗД-6) үлгісіндегі балалық қорғану бөлмелері, ДПГ-3 үлгісіндегі қосымша патрондар үшін шекті сақтау мерзімі – 25 жылды құрайды.

8

8. Кепілді сақтау мерзімі өткеннен кейін зертханалық сынақтарды өткізу мерзімдері: бірінші рет - кепілді сақтау мерзімі өткеніне дейін алты ай бұрын; екінші рет - кепілді сақтау мерзімі өткеннен кейін бес жылдан соң және бұдан әрі үш жылда бір рет зауыттық партиядан таңдап алынатын бес газ тұмша, қосымша патрон және екі балалық бөлме.

9 9. Қорларда жатқан қорғану құралдардың сақталу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ мемлекеттік стандарттармен немесе техникалық шарттармен белгіленген нормативтік көрсеткіштерден ауытқуы анықталғаннан, жаңартуға жатады.

Қолданыстағы