О ратификации Соглашения между Республикой Беларусь, Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Российской Федерацией об упрощенном порядке приобретения гражданства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Соглашения между Республикой Беларусь, Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Российской Федерацией об упрощенном порядке приобретения гражданства
- Атауы (қаз.)
- Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келісімді бекіту туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 30.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 30.12.1999 AI5064_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z990000017_
- ЭКБ идентификаторы
- 5064
- Редакция идентификаторы
- AI5064_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:43
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келісімді бекіту туралы
Мәскеуде 1999 жылғы 26 ақпанда жасалған Беларусь Республикасының,
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей
Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы
келісім бекітілсін.
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз
Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы
Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы
Келісім
(2000 жылғы 4 қарашада күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2001 ж., N 6, 63-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы,
төрт ел халықтарының тарихи дәстүрлi достық байланыстарды сақтау мен нығайтуға ұмтылысын негізге ала отырып,
жалпы көпшiлiк қабылдаған халықаралық нормаларға сәйкес адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қатысты мiндеттемелерiне адалдығын қуаттай отырып,
екiншi Тараптың азаматтығын таңдау мен алу құқығын ерiктi түрде еркiн бiлдiру негiзiнде өз азаматтарының жүзеге асыруына арналған қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Әрбiр Тарап өз аумағына тұрақты тұруға келген екiншi Тараптың азаматтарына төмендегi шарттардың бiрi болған жағдайда:
а) егер өтiнiш берушi Беларусь КСР-нің, Қазақ КСР-нiң, Қырғыз КСР-нiң немесе РСФСР-дiң азаматтығында және бiр мезгiлде бұрынғы КСРО азаматтығында тұрған болса, азаматтық алатын Тараптың аумағында 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейiн дүниеге келсе немесе тұрса;
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тәртiп азаматтық алатын Тараптың аумағында тұру мерзiмiне қарамастан екiншi Тараптың аумағында тұрақты тұратын Тарап азаматтарына қолданылады.
2-бап
1. Бiр Тараптың азаматтығын алу үшiн екiншi Тараптың азаматы екiншi Тараптың тиiстi органдарына төмендегiдей құжаттарды табыс етедi:
жеке басын куәландыратын және адамның Тараптардың бiрiнiң азаматтығына жататындығын қуаттайтын паспорт немесе өзге де құжат;
тууы туралы және неке туралы куәлiктерiнiң нотариат растаған көшiрмелерi;
осы Келiсiмнiң 1-бабының 1-тармағында көзделген шарттардың бiрiнiң бар екендiгiн қуаттайтын құжат.
2. Iшкi iстер органдары осы Келiсiмге сәйкес Тараптардың бiрiнiң азаматтығын алғандығын тiркеудi осы Тараптың ұлттық заңдарында көзделген талаптарды сақтай отырып, құжаттарды тапсырған күннен бастап әрi кеткенде 3 ай мерзiмде жүзеге асырады.
3. Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес екiншi Тараптың азаматтығын бiр мезгiлде жоғалта отырып, Тараптардың бiрiнiң азаматтығын алған жағдайда бұл туралы өтiнiш берген адам өзiнiң өтiнiшi бойынша оң шешiм қабылданғанға дейiн екiншi Тараптың азаматтығын сақтайды.
3-бап
Ата-аналарының бiрi Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, ал екiншiсi басқа Тараптың азаматтығын алса кәмелетке толмаған балаларының азаматтығы осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес берiлетiн өтiнiште көрiнiс табуға тиiс, ұлттық заңдарға сәйкес қабылданған ата-аналарының келiсiмi бойынша айқындалады.
Ата-аналары бөлек тұратын балалар егер бұл жөнiнде ата-аналар арасында өзгеше келiсiм болмаса, өздерi тәрбиеленiп отырған ата-анасының азаматтығын сақтайды.
Ата-аналарының бiрi бiр Тараптың азаматтығында, ал екiншiсi екiншi Тараптың азаматтығында тұратын балалардың кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн азаматтығын белгiлеу Тараптардың заңдарына сәйкес өзгертiлуi мүмкiн.
Ата-аналар құқығынан айрылған ата-аналардың азаматтығы өзгерген жағдайда балаларының азаматтығы өзгермейдi. Балалардың азаматтығын өзгертуге ата-аналар құқығынан айрылған ата-аналардың келiсiмi талап етiлмейдi.
4-бап
5-бап
халықаралық келiсiм азаматтық алудың анағұрлым жеңiлдiктi шарттарын
белгiлейтiн болса, онда мұндай жағдайда ұлттық заңдардың не тиiстi
халықаралық келiсiмнiң нормалары қолданылады.
Тараптар азаматтық туралы өздерiнiң заңдарын бiр iзге түсiру үшiн
шаралар қабылдайтын болады.
6-бап
Тараптар арасындағы консультациялар арқылы шешiледi.
7-бап
Бекiту грамоталары осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын
Интеграциялық Комитеттiң сақтауына тапсырылады.
Тараптардың келiсiмiмен қосылу туралы грамотаны депозитарийге беру арқылы осы Келiсiмнiң мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн ТМД-ға қатысушы басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн Келiсiм ашық.
8-бап
Осы Келiсiмге қосылатын әрбiр мемлекет үшiн Келiсiм осы мемлекет өзiнiң бекiту грамотасын депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
9-бап
Келiсiмнен шыға алады. Осы Келiсiмнiң қолданысы осындай Тарапқа қатысты
депозитарий хабарлама алған күннен бастап алты ай өтiсiмен тоқтатылады.
Мәскеу қаласында 1999 жылғы 26 ақпанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа
данада жасалды.
Түпнұсқа дана Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының,
Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан
Республикасының Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол
қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасы Республикасы Республикасы Федерациясы
үшін үшін үшін үшін