Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку Денисовского района

Өзге акт · № 1 · қабылданған 06.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50642/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку Денисовского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·06.01.2010
12.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку Денисовского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку Денисовского района
Атауы (қаз.)
Азаматтарды Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
06.01.2010
Көрсетілген редакция
12.04.2010 AI50642_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NH000143
ЭКБ идентификаторы
50642
Редакция идентификаторы
AI50642_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:22

0 Азаматтарды Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:

1 1. Тіркеу жүргізу кезеңіне қарағанда он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарды, 2010 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейінгі кезеңде "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскеге тіркелуден өтуі үшін ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдасын.

3 3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

4

4. "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери даярлау жөніндегі оқытушыларын әскери-оқу мекемелері туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз етсін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы хабарландыру берсін. Әскери-оқу орындарына түсуіне кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгі жастармен жеке әңгімелер жүргізсін.

5 5. Осы шешімінің орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Денисов
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ В. Слободюк
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
Ішкі істер департаменті Денисов
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Н. Тулеубаев

Қолданыстағы