Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканских государственных казенных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 84 · қабылданған 11.02.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50672/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканских государственных казенных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 84 ·11.02.2010
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканских государственных казенных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 84 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканских государственных казенных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84
Қабылданған күні
11.02.2010
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI50672_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000084_
ЭКБ идентификаторы
50672
Редакция идентификаторы
AI50672_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:03

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғалымдар үйі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Орталық ғылыми кітапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Құрылатын кәсіпорынға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ұлттық ғылыми кітапхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

4 4. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым және білім саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 84 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 263-жолда «Мекемелер мен ұйымдардың атауы» деген бағанда «Ғалымдар үйі» деген сөздер «Ғылым ордасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 15-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:

15-1 «15-1. «Ғылым ордасы»;

реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы