Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов

Қаулы · № 38 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50702/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 38 ·11.01.2010
29.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 38 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38
Қабылданған күні
11.01.2010
Көрсетілген редакция
29.04.2014 50702_192755.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NA000142
ЭКБ идентификаторы
50702
Редакция идентификаторы
50702_192755
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдау бойынша қосымша әлеуметтік көмек түрі көзделсін. Бұл әлеуметтік көмек автомобиль көлігімен тасымалдау бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлеміне кіретін, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі (ұйымдарындағы) адамдарға көрсетілмейді.

2 2. Белгіленсін:

1 1) тегін көлікпен тасымалдау бойынша қосымша әлеуметтік көмек түрі тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерге және мүгедек-балаларға, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарға көрсетіледі;

2

2) инфрақұрылым объектілеріндегі қабатаралық тасымалдау көмегі мен жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемелерге жеткізуден басқа, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне (бару және келу) бару үшін Қостанай қаласы аумағы шегінде мүгедектерді көлікпен тасымалдау мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен жүргізіледі;

2-1 2-1) Қостанай облысының аумағында Қостанай қаласының сыртында орналасқан арнайы білім беру ұйымдарының объектілеріне бару үшін мүгедек-балаларды және оларды жетелейтін тұлғаларды автомобиль көлігімен Қостанай қаласынан және кері тегін тасымалдау жүргізіледі;

3

3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады;

4

4) уәкілетті орган тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізеді;

5

5) тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған бірінші, екінші топтардағы мүгедектерді және мүгедек-балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдарды тегін көлікпен тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тұлға мен уәкілетті органның арасындағы қатынастар мемлекеттік сатып алу туралы шартымен ресімделеді.

3

3. "Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 44 (№ 9-1-116 бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 39 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
В.Рубинский
"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Л.Кураева

Қолданыстағы