Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков

Бұйрық · № 383-п · қабылданған 28.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50717/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков Күшін жойған Бұйрық ·№ 383-п ·28.12.2009
16.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков

Күшін жойған Бұйрық ·№ 383-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков
Атауы (қаз.)
Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
383-п
Қабылданған күні
28.12.2009
Көрсетілген редакция
16.02.2011 AI50717_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090006051_
ЭКБ идентификаторы
50717
Редакция идентификаторы
AI50717_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:28

0 Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Еңбек кодексінің 16-бабы 25) тармақшасына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабы 1-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармақтың 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.А. Сарбасов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (С.Г. Бисақаев) осы бұйрықтың талаптарын орындау және оқып білуді ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік     Экономика және бюджеттік
қорғау министрі                   жоспарлау министрі
__________ Г.Н. Әбдіқалықова      _________ Б.Т.Сұлтанов

0 Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 383-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 30 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережесі

1 1. Осы Критерийлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тәуекел - субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына, қызметкердің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескерілген, ықтималдығы;

2 2) субъект - қызметкер еңбек қатынасында болатын жеке немесе заңды тұлға.

3 3. Субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың мынадай критерийлері:

1 1) қызметкерлердің санына қарай - объективті критерийлер;

2 2) қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына қарай - арнайы критерийлер ескеріледі.

2 2. Объективті критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

4 4. Объективті критерийлер бойынша субъектілер үш топқа бөлінеді:

қызметкерлерінің саны 250 адамнан артық субъектілер жоғары тәуекелге жатады - тексерулер жылына бір рет;
қызметкерлерінің саны 50 адамнан артық, бірақ 250 адамнан аспайтын субъектілер орташа тәуекелге жатады - тексерулер 3 жылда бір рет;
қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі субъектілер шамалы тәуекелге жатады - тексерулер 5 жылда бір рет.

3 3. Арнайы критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

5 5. Объективті қатер факторлары бойынша тексеруден өткен субъектілер одан әрі арнайы тәуекел критерийлері ескерілген тексеру жоспарына енгізіледі.

6 6. Арнайы критерийлерге:

1 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жолсыздықтар (1-қосымша);

2 2) қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар (2-қосымша);

3 3) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылықтар (3-қосымша) жатады.

7 7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жолсыздықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) 20 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 10-нан 20-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;

3 3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.

8 8. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 7-ден 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;

3 3) 7-ге дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.

9 9. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық критерийлерін бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 10-нан 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;

3 3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.

10 10. Көрсетілген критерийлерді айқындау үшін тексеру жоспарланып отырған алдағы жылғы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

4 4. Қорытынды ережелер

11 11. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа субъектілерді тексеру кезеңділігі, жоспарлы тексерулердің базалық еселігімен белгіленгеннен гөрі едәуір сирек тексерілу мүмкіндігі болатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарының санына тәуелді болады.

Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.

12 12. Арнайы критерийлер топтары бойынша тексерулерді айқындау принциптері:

1 1) тәуекелдің бір тобы бойынша ғана балл жинаған кезде тақырыптық, яғни осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша тексерулер жүргізіледі;

2 2) екі және одан көп топтар бойынша балл жинаған кезде бақылаудың барлық мәселелері бойынша тексерулер кешенді жүргізіледі.

13 13. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принциптері:

1 1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдар тең болған жағдайда, тексеру үшін субъектілерді іріктеу оның өнімді немесе өнімсіз объектілерге тиістілігіне қарай жүзеге асырылады;

3 3) жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.

Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 1-қосымша
Тәу­е­кел­дер­дің то­бы
Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл
Негіз­де­ме
1. Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бұ­зу­шы­лық тәу­е­кел­де­рі
Кі­сі өлі­мі­мен аяқ­тал­ған топ­тық жа­за­тай­ым оқи­ға (2 және одан көп адам)
15
Н-1 ны­са­ны ак­ті­сі
Жа­за­тай­ым оқи­ға­ны ар­найы тер­геп- тек­се­ру ак­ті­сі
Топ­тық жа­за­тай­ым оқи­ға
10
Кі­сі өлі­мі­мен аяқ­тал­ған жа­за­тай­ым оқи­ға (бір де­рек үшін)
8
Ауыр аяқ­тал­ған жа­за­тай­ым оқи­ға­лар (бір де­рек үшін)
6
Кә­сіп­тік ау­ру­лар (бір де­рек үшін)
2
Же­ңіл, ор­та­ша аяқ­тал­ған жа­за­тай­ым оқи­ға­лар (бір де­рек үшін)
1
Ең­бек жағ­дай­ла­ры бой­ын­ша өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ге ат­те­стат­тау жүр­гіз­беу
10
Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­то­ры­ның тек­се­ру ак­ті­сі, ұй­ға­ры­мы
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­тын жа­са­мау
7
Ең­бек­ті қор­ғау қыз­ме­тін құр­мау
6
Қыз­мет­кер­лер­ді же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ет­пеу
6
Өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тер­геп-тек­се­ру­ді қам­та­ма­сыз ет­пеу
5
Қыз­мет­кер­лер­ді үй­рет­пеу, нұс­қау бер­меу және бі­лім­де­рін тек­сер­меу
4
Мін­дет­ті және ке­зең­дік ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­лер жүр­гіз­беу
3

1 Тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлеріне 2-қосымша
Тәу­е­кел­дер­дің то­бы
Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл
Негіз­де­ме
2. Қыз­мет­кер­лер­дің ең­бек құқық­та­рын бұ­зу тәу­е­кел­де­рі
Жа­ла­қы­ны уа­қы­тын­да тө­ле­меу
10
Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­то­ры­ның тек­се­ру ак­ті­сі, ұй­ға­ры­мы
Ұжым­дық шарт жа­са­удан жал­та­ру және негіз­сіз бас тар­ту
6
Ең­бек шар­тын жа­са­мау
5
Де­ма­лы­стар бер­меу
4
Үсте­ме жұ­мыстар­ға заң­сыз тар­ту
3

2 Тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлеріне 3-қосымша
Тәу­е­кел­дер то­бы
Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл
Негіз­де­ме
3. Ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту тәр­ті­бін бұ­зу тәу­е­кел­де­рі
Ти­іс­ті рұқ­сат­сыз ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін пай­да­ла­ну
10
Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­то­ры­ның тек­се­ру ак­ті­сі, ұй­ға­ры­мы
Рұқ­сат­тың негіз­гі шар­тта­рын орын­да­мау
5

Қолданыстағы