Об утверждении ставок платежей за лесные пользования на участках государственного лесного фонда и особоохраняемых природных территориях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платежей за лесные пользования на участках государственного лесного фонда и особоохраняемых природных территориях
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 304-IV
- Қабылданған күні
- 27.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2018 50720_305883.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10T0002560
- ЭКБ идентификаторы
- 50720
- Редакция идентификаторы
- 50720_305883
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:12
0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 506 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 14 бабына сәйкес, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс XX cессиясында ШЕШТІ:
1 1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Орман пайдаланғаны үшін төлемдерден түскен қаржылар жергілікті бюджет пайдасына жіберілсін.
3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.
6 Облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 27 қаңтардағы
№ 304-ІV шешіміне 1 қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жанама орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
№ р/с
Жанама орман пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы, теңге
1
Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:
1.1
Жақсы
га
938
1.2.
Қанағаттанарлық
га
704
1.3.
Нашар
га
547
2
Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін:
2.1
Түйе
547
2.2
Ірі қара мал, жылқы
бас
437
2.3
Ірі қара малдың төлі, есек
бас
218
2.4
Ешкі
бас
382
2.5
Қой
бас
110
3
Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру
га
Салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде
7 Облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 27 қаңтардағы
№ 304-ІV шешіміне 2 қосымша
Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу,
мәдени-ағарту, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда
мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды пайдалану үшін төлемақы ставкалары мыналарды
құрайды:
№ р/с
Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы, теңге
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)
1
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
га
2770
2
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
га
391
3
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану
га
782
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)
4
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекрациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
күнге
141
5
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
күнге
141