Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с увеличением цен на основные продукты питания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с увеличением цен на основные продукты питания
- Атауы (қаз.)
- Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/9
- Қабылданған күні
- 26.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2010 AI50735_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KC000094
- ЭКБ идентификаторы
- 50735
- Редакция идентификаторы
- AI50735_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:13
0 Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2010 жыл бойында жәрдемақыны тағайындауға өтініш білдірген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға айына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
2 2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1 1) берілетін материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға материалдық көмекті "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төлесін.
3
3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.