Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны для оплаты расходов на содержание жилища и коммунальных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны для оплаты расходов на содержание жилища и коммунальных услуг
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/8
- Қабылданған күні
- 26.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2010 AI50736_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KC000095
- ЭКБ идентификаторы
- 50736
- Редакция идентификаторы
- AI50736_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:13
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1 1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін;
2 2) материалдық көмекті төлеу алушылардың жеке шотына аудару арқылы жүргізсін.
2
2. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.