Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)

Қаулы · № 3/7 · қабылданған 26.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50738/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая) Күшін жойған Қаулы ·№ 3/7 ·26.01.2010
03.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/7 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/7
Қабылданған күні
26.01.2010
Көрсетілген редакция
03.03.2011 50738_174575.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KC000097
ЭКБ идентификаторы
50738
Редакция идентификаторы
50738_174575
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:13

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2010 жылы келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге жеңілдік жол билеттері түрінде әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:

1 1) 1, 2, 3-топ мүгедектеріне;

2 2) "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға.

2

2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2010 жылы келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге қалалық көлікте жүруге ай сайынғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:

1 1) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек бала үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға (егер бала жасөспірім немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайда болса);

2 2) екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

3 3) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген азаматтар мен "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандарға;

4 4) қаза тапқан интернационалист – жауынгерлердің отбасыларына (арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алатындарға);

5 5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған), хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне;

6 6) 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;

7 7) басқа мемлекеттердің аумақтарында ұрыс қимылдарына қатысушыларға;

8 8) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға.

3

3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы