Қолданыстағы ред. 04.02.2010

Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелерін қайта атау туралы от 04.02.2010 г. № 256 (Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелерін қайта атау туралы)

0

Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелерін қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық–кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 1 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:

1

1. Жалағаш кентіндегі:

1

1) Алғабас көшесі Алдаберген Бисенов атындағы көше болып;

2

2) Кооперативная көшесі Тілек Әбжалиев атындағы көше болып;

3

3) Қазақстанның 60 жылдығы көшесі Айтбай Қазыбеков атындағы көшесі болып қайта аталсын.

2

2. Кент әкімінің орынбасары М.Ибраев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.