Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелерін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелерін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық–кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 1 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жалағаш кентіндегі:
Тармақша 1
1) Алғабас көшесі Алдаберген Бисенов атындағы көше болып;
Тармақша 2
2) Кооперативная көшесі Тілек Әбжалиев атындағы көше болып;
Тармақша 3
3) Қазақстанның 60 жылдығы көшесі Айтбай Қазыбеков атындағы көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Кент әкімінің орынбасары М.Ибраев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.