Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Қаулы · № 71 · қабылданған 19.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50753/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·19.01.2010
09.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
19.01.2010
Көрсетілген редакция
09.12.2011 50753_192757.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NA000143
ЭКБ идентификаторы
50753
Редакция идентификаторы
50753_192757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:16

0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 79-бабына, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысына, "Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне сәйкес, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалалық бюджеттен келесі әлеуметтік төлем түрін көрсету қамтамасыз етілсін:

үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) 2010 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.

2 2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Мыналар белгіленсін:

1 1) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсетіледі;

2 2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) ағымдағы тоқсанға арыз берген айынан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;

3 3) мүгедек-балалар интернат-үйлерінде немесе санаторлық мектептерде тұратын кезде әлеуметтік көмек төленбейді.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы            В. Рубинский
"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                        Л. Кураева

Қолданыстағы