Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 14.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2011 · қолданыстағы AI50760_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DG000088
- ЭКБ идентификаторы
- 50760
- Редакция идентификаторы
- AI50760_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:19
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасына және 18-1 бабының 1,4 тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
1 1) нысаналы топтарға әдейі арналады;
2 2) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
2 2. Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3 3. Жұмыс берушілермен келісім-шарттарды жасауға «Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өкілеттілік берілсін.
4 4. «Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы) уәкілетті органға халық арасынан жұмыс іздеуші ретінде тіркелген нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыстарға жіберсін.
5 5. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Базарбаев Жандос Мұратбекұлы) әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6
6. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 қарашадағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда тіркелген, тіркеу нөмірі 2-7-33, 2007 жылғы 13 қаңтардағы 2 нөмірде (5318) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) 783 нөмірлі «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы аудан әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы 2 нөмірлі қаулысымен күші жойылды.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қаныбек Құлжабайұлы Айтжановқа жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Жамбыл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қаңтардағы № 12
«Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы» қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын арттыру шараларын іске асыру мақсатында жасалған.