Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по Буландынскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по Буландынскому району
- Атауы (қаз.)
- Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-01/11
- Қабылданған күні
- 20.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2016 50767_57785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BG000108
- ЭКБ идентификаторы
- 50767
- Редакция идентификаторы
- 50767_57785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:16
0 Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Бұланды ауданы әкімдігінің «Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 16 ақпандағы № а-02/31 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-76 тіркелген, 2009 жылғы 1 мамырда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.