Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24-159
- Қабылданған күні
- 01.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2010 50768_200044.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BN000130
- ЭКБ идентификаторы
- 50768
- Редакция идентификаторы
- 50768_200044
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:09
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Әлеуметтік төлемдерді алуға келесі азаматтар құқылы:
табыстары күнкөріс деңгейінен төмен немесе белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар;
мүгедектер;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері (оларға теңестірілген тұлғалар, тыл қызметкерлері, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлері, бейбітшілік уақытында қайтыс болғандардың отбасылары, фашистік концлагерлерінде тұтқында болғандар), ақталған азаматтар, зейнеткерлер Қарттар күніне байланысты;
жазылмайтын дертпен ауыратындар;
онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарға Ақмола облысы бойынша емдеу мекемелеріне жолақысы;
колледждерде күндізгі оқу бөлімшелерінде оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттері.
3
3. Зеренді аудандық мәслихатының «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 мамырдағы № 42-278 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-14-63 тіркелген, 2007 жылғы 25 шілдеде «Бірлік-Единство» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
4 4. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Зеренді ауданының
әкімі Е.Сағдиев
Ақмола облысы
Зеренді ауданының
«Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
меңгерушісі Қазиақпарова З.Б.
Зеренді ауданының
«Экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы Ашамаева Д.Е.
Ақмола облысы
Зеренді ауданының
«Зеренді орталық
аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазынашылық мекеменің
бас дәрігері Жанғалов Б.Б.