Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов государственных услуг

Қаулы · № 100 · қабылданған 17.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50783/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении стандартов государственных услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 100 ·17.02.2010
05.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов государственных услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 100 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100
Қабылданған күні
17.02.2010
Көрсетілген редакция
05.09.2012 AI50783_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000100_
ЭКБ идентификаторы
50783
Редакция идентификаторы
AI50783_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:01

0 Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты;

2 2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілген
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді, бұл - құзыретті орган (облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар) мен жеке немесе заңды тұлғалардың арасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарды тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 9 және 44-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 3-бөлімінің 68-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар болып табылады.

Мемлекеттік қызметті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар (ресми сайт) бойынша көрсетеді.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификаты (актісі) болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулердің мерзімдері:

1 1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;

3 3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы сертификат (акт) алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.

8 8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың фойесіндегі көзбен шолу ақпарат көзінде (стендінде) және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес интернет-ресурсында орналасқан.

10 10. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган мемлекеттік қызметті осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетеді.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының ерекше жағдайлары көзделмеген.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) мемлекеттік қызметті алуға тұтынушының өтініші (еркін нысанда);

2 2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарт;

3 3) сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар, тұтынушының бірінші басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерін білдіретін тұлғаға берілетін сенімхат.

13 13. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер, өтініш нысандары көзделмеген.

14 14. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесіне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжай мен уақыт бойынша тапсырылады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңсенің қызметтері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, тұтынушының құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талап етуі бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға дәлелді жазбаша растама беріледі.

15 15. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органның кеңсесінде тіркелуі (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.

Тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) берілген құжаттар тізбесінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкестігін қарау, мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқтығын анықтау;

2 2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттарды тіркеу журналына жазбаларды енгізу;

3 3) мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды беру.

16

16. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу сертификаты (актісі) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайы бойынша қолмен (өзі барып не сенімхат бойынша өкілге) табыс етіледі.

17 17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеу мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндігін сақтау;

2 2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) сыпайылық;

4 4) толыққанды және толық ақпарат беру;

5 5) ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығы;

6 6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне шағым олардың басшыларының атына осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Облыстық (республикалық) маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы мемлекеттік қызметті көрсететін құрылымдық бөлімшенің басшысы түсіндіреді.

22

22. Шағым пошта арқылы жазбаша түрде не қолма-қол облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесі арқылы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қабылданады, тіркелгеннен кейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның басшысына жіберіледі.

23 23. Шағымның қабылданғанын растау орналасқан жері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымға берілген жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орналасқан жері бойынша алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Барлық мәселелер бойынша осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар мен телефондар арқылы хабарласуға болады.

1 Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштерінің мәні

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге
арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­дық мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
100%
1.2. Қыз­мет алу­ды ке­зек­те 40 ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
2.2. Құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды адам дұ­рыс ре­сім­де­ген жағ­дай­лар­дың (жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су­лар және 1 т.б.) %-ы (үле­сі)
100%
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
3.2. Тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды дұ­рыс тол­тыр­ған және ба­стап­қы­дан тап­сыр­ған жағ­дай­лар­дың %-ы (үле­сі)
90%
3.3. Ақ­па­рат­қа Ин­тер­нет ар­қы­лы қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер­дің %-ы (үле­сі)
100%
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. Қыз­мет­тің осы тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­на ша­ғым­дар­дың %-ы (үле­сі)
0,1%
4.2. Бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың %-ы (үле­сі)
100%
4.3. қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
4.4. Ша­ғым­да­ну мер­зі­міне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).

2 Кең таралған пайдалы қазбаларды

барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен
өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу
жөніндегі мемлекеттік қызмет
2-қосымша
Р/с

Об­лы­стық (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) ат­қа­ру­шы ор­ган
Заң­ды ме­кен­жайы
Ре­сми сай­ты және (неме­се) бас­қа да көз­де­рі
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау (жұ­мыс ре­жи­мі, ме­кен­жайы)
Құ­жат­тар­ды қа­рау (жұ­мыс ре­жи­мі, ме­кен­жайы)
Бай­ла­ныс ақ­па­ра­ты (те­ле­фо­ны)
1
Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі «Аста­на қа­ла­сы­ның Жер қа­ты­на­ста­рын бас­қа­ру бас­қар­ма­сы» ММ
Аста­на қ., Има­нов кө­ше­сі, 19. 10-қа­бат
www.​astana.
kz.
ulpanUZO@
mail.ru
9-00 - 18-00;
Түс­кі үзі­ліс
13-00 -
14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
9-00 - 18-00;
Түс­кі үзі­ліс
13-00 - 14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
8(7172)78-72-53
2
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі
Ал­ма­ты қ., Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
www.​almaty.
kz
9.00 - 18.00 са­ғат, Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
с 9.00 - 18.00 са­ғат, Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
Тел/факс: 271-65-25
3
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның әкім­ші­сі «Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Көк­ше­тау қ., Әу­ел­бе­ков кө­ше­сі 179 «а»
www.
depprom
@​bk.​ru
9.00 - 18.00;
Түс­кі үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
9.00 - 18.00;
Түс­кі үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
8 (716-2) 76-29-42
4
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Ақ­тө­бе қ. Әбіл­хай­ыр хан даң­ғы­лы 40.
www.​akto.​kz,
www.​tabigi.
akto.kz
9.00 - 13.00
Ақ­тө­бе қ. Әбіл­хай­ыр хан даң­ғы­лы 40. 623-ка­би­нет. 9.00 - 13.00 14.00-18.00 са­ғат
nedra2004@​inbox.​ru 8(7132) 54-17-01
5
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Ал­ма­ты об­лы­сы Тал­ды­қор­ған қ., Шев­чен­ко кө­ше­сі, 131
www.​dpp.
almaty-reg.kz.
9.00 - 18.00; Түс­кі үзі­ліс 13.00 - 14.00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі, 410-ка­би­нет
13.00-ден- 14.00-ге дей­ін үзіл­іспен күн сай­ын 9.00 - 18.00, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі, 410-ка­би­нет
8 (7282) 27-25-70,
27-13-31
6
Аты­рау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Аты­рау қ. Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77.
www.​e-​atyrau.​kz
Аты­рау қ. Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77 № 201-ка­би­нет күн сай­ын, 9.00 - 18.00 са­ғат
Аты­рау қ. Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77 № 201-ка­би­нет. күн сай­ын, 9.00 - 18.00 са­ғат
8 (7122) 32-00-36,
35-45-59
7
Жам­был об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Жам­был об­лы­сы әкім­ді­гі­нің та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы
По­шта­лық ин­дек­сі 080012, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы, 133-а.
upr.​taraz.
kz
күн сай­ын (сен­бі және жек­сен­бі­ден бас­қа) са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 19.00-ге дей­ін, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы 133-а.
тұ­ты­ну­шы қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі: 5 күн ішін­де, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы, 133-а.
8 (7262) 43-67-97
8
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
-
-
-
-
-
9
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
-
-
-
-
-
10
Қо­ста­най об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Қо­ста­най об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­тов кө­ше­сі, 195
сайт: www.​dpp.
kostanay.
kz.
e-mail:
dpp@
kostanay.
kz
9.15 - 17.00 Түс­кі үзі­ліс 13.00 - 14.00 Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­тов кө­ше­сі, 195, № 407-ка­би­нет
9.15 - 17.00 Түс­кі үзі­ліс 13.00 - 14.00 Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­то­ва кө­ше­сі, 195, № 409-ка­би­нет
575-232
11
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі: Ақ­тау қ., 14 ша­ғын ауда­ны, № 1 ғи­ма­рат; «Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ: Ақ­тау қ., 23 ша­ғын ауда­ны, № 100 ғи­ма­ра­ты, 111, 106, 107, 108-ка­би­нет­тер
Элек­трон­дық по­шта: moup@
mail.ru,
сайт:
tabigat.
mangystau.
kz
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі­нің орын­ба­са­ры Же­ке тә­сі­лі: 1-ші және 3-ші бей­сен­бі әр­бір айы 10.00 - 13.00 са­ғат; бас­қар­ма­ның ба­стығы: Же­ке тә­сі­лі: сей­сен­бі­сі 17.00 - 18.00 са­ғат­та, бей­сен­бі 17.00 - 18.00 са­ғат­та;
жер қой­на­уын бө­лі­мі күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі тү­стік 12.30 - 14.00 са­ғат­та
9.00 - 18.30, тү­стік үзі­лі­сі 12.30 - 14.00 са­ғат­та; күн сай­ын сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі 111, 106, 107, 108-ка­би­нет­тер
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі­нің орын­ба­са­ры Ақ­тау қ., 14 ша­ғын ауда­ны, № 1 ғи­ма­рат­ты, 327-ка­би­нет те­ле­фон: 430103; Бас­қар­ма ба­стығы Қа­был­дау бө­лі­мі 1.11, те­ле­фон: 426790. Жер қой­на­уын бө­лі­мі 106, 107, 108-ка­би­нет­тер те­ле­фон: 429846
12
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Пав­ло­дар об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар мен та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ
140000, Пав­ло­дар қ., Же­ңіс ала­ңы, 17
http://
tabigat-goszakup.рavlodar.​gov.​kz
9.00 - 18.30, Тү­стік үзі­лі­сі 13.00 - 14.30 күн сай­ын, сен­бі, же­кен­бі де­ма­лыс күн­де­рі Пав­ло­дар қ., Же­ңіс ала­ңы, 17 232 ка­би­нет.
9.00 - 18.30, Тү­стік 13.00 - 14.30 күн сай­ын, сен­бі, же­кен­бі де­ма­лыс күн­де­рі Пав­ло­дар қ., По­бе­да ала­ңы, 17 204 және 205-ка­би­нет­тер
тел./факс
8(7182) 32-66-18,
321681
e-mail:
dpr_pvl@
mail.ru
13
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар мен та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ
СҚО, Пет­ро­павл қ., Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы к-сі, 38 № 53, № 54-каб.
сайт:
www.​dpr.
sko.​kz,
e-mail:​dpr@​sko.​kz
9-00 - 18-00 Тү­стік үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Пет­ро­павл қ, Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы кө­ше­сі, 38, № 53, № 54 каб.
9-00 - 18-00 Тү­стік үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Пет­ро­павл қ., Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы кө­ше­сі, 38, № 53, № 54 каб.
8 (7152) 36-28-93,
46-20-33
14
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы ММ
Шым­кент қ., Қа­зы­бек би, 5
www.​dppuko.​kz
9.00 - 18.00 Тү­стік үзі­лі­сі 13.00 - 14.00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Шым­кент қ., Қа­зы­бек би, 5 303, 305 ка­би­нет­тер)
9-00 - 18-00 Тү­стік үзі­лі­сі 13.00 - 14.00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Шым­кент қ., Қа­зы­бек би, 5 303, 305 ка­би­нет­тер)
54-77-77,
53-50-58,
53-49-40,
53-59-52
15
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Инд: 120014, Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Ы. Жа­қа­ев к-сі, 80
e-mail:
dpp_korda
@​mail.​ru
Күн­де­лік­ті 9:00 - 19:00, үзі­ліс 13:00 - 15:00, де­ма­лыс күн­дер: сен­бі, жек­сен­бі
Күн­де­лік­ті 9:00 - 19:00, үзі­ліс 13:00 - 15:00, де­ма­лыс күн­дер: сен­бі, жек­сен­бі
Тел: 8 (7242) 23-00-95,
23-03-54,
факс:
23-01-37
16
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Өс­ке­мен қ., М. Горь­кий к-сі, 40
chancellery
@akimvko.
gov.​kz
9.00 - 15.30
9.00 - 11.00, 15.00 - 18.00
8 (7232) 24-18-94,
26-42-42

3 Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілген
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді, бұл - кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәмілені тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 302-бабына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 14-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 3-бөлімінің 69-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органдар болып табылады.

Мемлекеттік қызметті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шартын тіркеу туралы куәлік болып табылады осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген бойынша.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулердің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.

8 8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың фойесіндегі көзбен шолу ақпарат кезінде (стендінде) және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес интернет-ресурсында орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызметті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетеді.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызметті ұсыну орнының ерекше жағдайлары қарастырылмаған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) мемлекеттік қызметті алуға тұтынушының өтініші (еркін нысанда);

2 2) белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шарты;

3 3) техникалық-экономикалық негіздеме - қарызды тарту, пайдалану және қайтару, олар мыналарды қамтиды:

кепіл мақсаты (қаражатты пайдалану);
кепілдің сомасы және өтеу мерзімі;
қарыз көздері және өтеу сатылары (негізгі борышты және сыйақы пайыздарын бөлумен жылдар бойынша);

4 4) жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге берілетін заңды немесе жеке тұлғаның (кепіл ұстаушы) атауы, оның заңды мекенжайы және тіркелген орны;

5 5) сенімхатсыз қол қою құқығына ие тұтынушының бірінші басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерін білдіретін адамға берілген сенімхат.

Тұтынушы жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат алғаннан кейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органға жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша ұсынады.

13 13. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер өтініш нысандары көзделмеген.

14 14. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесіне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жай мен уақыт бойынша тапсырылады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңесінің қызметкері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбаны енгізеді. Құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, тұтынушының құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талап етуі бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға дәлелді жазбаша растама беріледі.

15 15. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесінде тіркелуі (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.

Кепіл шартын тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) берілген құжаттар тізбесінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және осы стандарттың талаптарына сәйкестігін қарау, мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқтығын анықтау;

2 2) жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарды тіркеу журналына жазбаларды енгізу;

3 3) мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды беру.

16 16. Жер қойнауын пайдалану шартын тіркеу туралы куәлік (өзі барумен не сенімхат бойынша өкілге) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қолмен табыс етіледі.

17 17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеу мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адамдар мен азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндігін сақтау;

2 2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) сыпайылық;

4 4) жеткілікті және толық ақпарат беру;

5 5) ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығы;

6 6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болған жағдайда облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне шағым олардың басшыларының атына осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша беріледі.
Облыстық (республикалық) маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша осы мемлекеттік қызметті көрсететін құрылымдық бөлімшенің басшысы түсіндіреді.

22

22. Шағым пошта арқылы жазбаша түрде қолма-қол облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қабылданады, тіркелгеннен кейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның басшысына жіберіледі.

23 23. Шағымның қабылданғанын растау орналасқан жері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымға берілген жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орналасқан жері бойынша алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Барлық мәселелер бойынша осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар мен телефондар арқылы хабарласуға болады.

4 Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштерінің мәні

Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге және бірлескен
барлау мен өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл шартын
тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­дық мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
100%
1.2. Қыз­мет алу­ды ке­зек­те 40 ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
2.2. Құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды адам дұ­рыс ре­сім­де­ген жағ­дай­лар­дың (жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су­лар және 1 т.б.) %-ы (үле­сі)
100%
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
3.2. Тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды дұ­рыс тол­тыр­ған және ба­стап­қы­дан тап­сыр­ған жағ­дай­лар­дың %-ы (үле­сі)
90%
3.3. Ақ­па­рат­қа Ин­тер­нет ар­қы­лы қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер­дің %-ы (үле­сі)
100%
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. Қыз­мет­тің осы тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­на ша­ғым­дар­дың %-ы (үле­сі)
0,1%
4.2. Бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың %-ы (үле­сі)
100%
4.3. қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
4.4. Ша­ғым­да­ну мер­зі­міне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
100%
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).

5 Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,

өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге
жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Р/с

Об­лы­стық (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) ат­қа­ру­шы ор­ган
Заң­ды ме­кен­жайы
Ре­сми сай­ты және (неме­се) бас­қа да көз­де­рі
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау (жұ­мыс ре­жи­мі, ме­кен­жайы)
Құ­жат­тар­ды қа­рау (жұ­мыс ре­жи­мі, ме­кен­жайы)
Бай­ла­ныс ақ­па­ра­ты (те­ле­фо­ны)
1
Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі «Аста­на қа­ла­сы­ның Жер қа­ты­на­ста­рын бас­қа­ру бас­қар­ма­сы» ММ
Аста­на қ., Има­нов кө­ше­сі, 19. 10-қа­бат
www.​astana.
kz.
ulpanUZO@
mail.ru
9-00 - 18-00;
Түс­кі үзі­ліс
13-00 -
14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
9-00 - 18-00;
Түс­кі үзі­ліс
13-00 - 14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
8(7172)78-72-53
2
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі
Ал­ма­ты қ., Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
www.​almaty.
kz
9.00 - 18.00 са­ғат, Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
с 9.00 - 18.00 са­ғат, Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
Тел/факс: 271-65-25
3
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның әкім­ші­сі «Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Көк­ше­тау қ., Әу­ел­бе­ков кө­ше­сі 179 «а»
www.
depprom
@​bk.​ru
9.00 - 18.00;
Түс­кі үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
9.00 - 18.00;
Түс­кі үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі
8 (716-2) 76-29-42
4
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Ақ­тө­бе қ. Әбіл­хай­ыр хан даң­ғы­лы 40.
www.​akto.​kz,
www.​tabigi.
akto.kz
9.00 - 13.00
Ақ­тө­бе қ. Әбіл­хай­ыр хан даң­ғы­лы 40. 623-ка­би­нет. 9.00 - 13.00 14.00-18.00 са­ғат
nedra2004@​inbox.​ru 8(7132) 54-17-01
5
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Ал­ма­ты об­лы­сы Тал­ды­қор­ған қ., Шев­чен­ко кө­ше­сі, 131
www.​dpp.
almaty-reg.kz.
9.00 - 18.00; Түс­кі үзі­ліс 13.00 - 14.00 күн сай­ын, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі, 410-ка­би­нет
13.00-ден- 14.00-ге дей­ін үзіл­іспен күн сай­ын 9.00 - 18.00, де­ма­лыс күн­де­рі сен­бі, жек­сен­бі, 410-ка­би­нет
8 (7282) 27-25-70,
27-13-31
6
Аты­рау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Аты­рау қ. Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77.
www.​e-​atyrau.​kz
Аты­рау қ. Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77 № 201-ка­би­нет күн сай­ын, 9.00 - 18.00 са­ғат
Аты­рау қ. Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77 № 201-ка­би­нет. күн сай­ын, 9.00 - 18.00 са­ғат
8 (7122) 32-00-36,
35-45-59
7
Жам­был об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Жам­был об­лы­сы әкім­ді­гі­нің та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы
По­шта­лық ин­дек­сі 080012, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы, 133-а.
upr.​taraz.
kz
күн сай­ын (сен­бі және жек­сен­бі­ден бас­қа) са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 19.00-ге дей­ін, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы 133-а.
тұ­ты­ну­шы қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі: 5 күн ішін­де, Жам­был об­лы­сы, Та­раз қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы, 133-а.
8 (7262) 43-67-97
8
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
-
-
-
-
-
9
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
-
-
-
-
-
10
Қо­ста­най об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Қо­ста­най об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­тов кө­ше­сі, 195
сайт: www.​dpp.
kostanay.
kz.
e-mail:
dpp@
kostanay.
kz
9.15 - 17.00 Түс­кі үзі­ліс 13.00 - 14.00 Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­тов кө­ше­сі, 195, № 407-ка­би­нет
9.15 - 17.00 Түс­кі үзі­ліс 13.00 - 14.00 Қо­ста­най қ., Бай­ма­ғам­бе­то­ва кө­ше­сі, 195, № 409-ка­би­нет
575-232
11
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі: Ақ­тау қ., 14 ша­ғын ауда­ны, № 1 ғи­ма­рат; «Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ: Ақ­тау қ., 23 ша­ғын ауда­ны, № 100 ғи­ма­ра­ты, 111, 106, 107, 108-ка­би­нет­тер
Элек­трон­дық по­шта: moup@
mail.ru,
сайт:
tabigat.
mangystau.
kz
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі­нің орын­ба­са­ры Же­ке тә­сі­лі: 1-ші және 3-ші бей­сен­бі әр­бір айы 10.00 - 13.00 са­ғат; бас­қар­ма­ның ба­стығы: Же­ке тә­сі­лі: сей­сен­бі­сі 17.00 - 18.00 са­ғат­та, бей­сен­бі 17.00 - 18.00 са­ғат­та;
жер қой­на­уын бө­лі­мі күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі тү­стік 12.30 - 14.00 са­ғат­та
9.00 - 18.30, тү­стік үзі­лі­сі 12.30 - 14.00 са­ғат­та; күн сай­ын сен­бі, же­кен­бі де­ма­лыс күн­де­рі 111, 106, 107, 108-ка­би­нет­тер
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі­нің орын­ба­са­ры Ақ­тау қ., 14 ша­ғын ауда­ны, № 1 ғи­ма­рат­ты, 327-ка­би­нет те­ле­фон: 430103; Бас­қар­ма ба­стығы Қа­был­дау бө­лі­мі 1.11, те­ле­фон: 426790. Жер қой­на­уын бө­лі­мі 106, 107, 108-ка­би­нет­тер те­ле­фон: 429846
12
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Пав­ло­дар об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар мен та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ
140000, Пав­ло­дар қ., Же­ңіс ала­ңы, 17
http://
tabigat-goszakup.рavlodar.​gov.​kz
9.00 - 18.30, Тү­стік үзі­лі­сі 13.00 - 14.30 күн сай­ын, сен­бі, же­кен­бі де­ма­лыс күн­де­рі Пав­ло­дар қ., Же­ңіс ала­ңы, 17 232 ка­би­нет.
9.00 - 18.30, Тү­стік 13.00 - 14.30 күн сай­ын, сен­бі, же­кен­бі де­ма­лыс күн­де­рі Пав­ло­дар қ., По­бе­да ала­ңы, 17 204 және 205-ка­би­нет­тер
тел./факс
8(7182) 32-66-18,
321681
e-mail:
dpr_pvl@
mail.ru
13
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар мен та­би­ғат пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» ММ
СҚО, Пет­ро­павл қ., Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы к-сі, 38 № 53, № 54-каб.
сайт:
www.​dpr.
sko.​kz,
e-mail:​dpr@​sko.​kz
9-00 - 18-00 Тү­стік үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Пет­ро­павл қ, Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы кө­ше­сі, 38, № 53, № 54 каб.
9-00 - 18-00 Тү­стік үзі­ліс 13-00 - 14-00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Пет­ро­павл қ., Қа­зақ­стан Кон­сти­ту­ци­я­сы кө­ше­сі, 38, № 53, № 54 каб.
8 (7152) 36-28-93,
46-20-33
14
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы ММ
Шым­кент қ., Қа­зы­бек би, 5
www.​dppuko.​kz
9.00 - 18.00 Тү­стік үзі­лі­сі 13.00 - 14.00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Шым­кент қ., Қа­зы­бек би, 5 303, 305 ка­би­нет­тер)
9-00 - 18-00 Тү­стік үзі­лі­сі 13.00 - 14.00 күн сай­ын, сен­бі, жек­сен­бі де­ма­лыс күн­де­рі (Шым­кент қ., Қа­зы­бек би, 5 303, 305 ка­би­нет­тер)
54-77-77,
53-50-58,
53-49-40,
53-59-52
15
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның әкім­ді­гі «Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның кә­сіп­кер­лік және өнер­к­ә­сіп бас­қар­ма­сы» ММ
Инд: 120014, Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Ы. Жа­қа­ев к-сі, 80
e-mail:
dpp_korda
@​mail.​ru
Күн­де­лік­ті 9:00 - 19:00, үзі­ліс 13:00 - 15:00, де­ма­лыс күн­дер: сен­бі, жек­сен­бі
Күн­де­лік­ті 9:00 - 19:00, үзі­ліс 13:00 - 15:00, де­ма­лыс күн­дер: сен­бі, жек­сен­бі
Тел: 8 (7242) 23-00-95,
23-03-54,
факс:
23-01-37
16
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Өс­ке­мен қ., М. Горь­кий к-сі, 40
chancellery
@akimvko.
gov.​kz
9.00 - 15.30
9.00 - 11.00, 15.00 - 18.00
8 (7232) 24-18-94,
26-42-42

6 Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы КУӘЛІГІ

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге
жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы КУӘЛІГІ
№ _________                     201_ жылғы «__» _________________
_______________________
(қала, аудан)
Кепіл беруші: ___________________________________________________
              (заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы, СТН)
Кепіл ұстаушы: __________________________________________________
                    (банктің атауы, оның заңды мекенжайы)
_________________________________________________________________
Кепіл шарты: ____________________________________________________
                              (нөмірі, күні)
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: ___________________
______________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)
Келісім-шарт: ___________________________________________________
                       (келісім-шарттың нөмірі мен күні)
Міндеттеменің сомасы: ___________________________________________
                                    (санмен және жазумен)
Міндеттемені өтеу мерзімі: ______________________________________
                                           (күні)
Ескертпе: _______________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы
куәлікті берген мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә., қолы

Қолданыстағы